Қайта өңделген ет рак ауруына душар етеді

Қайта өңделген ет рак ауруына душар етеді

Қайта өңделген қызыл етті жеу асқазан жарасының пайда болуына әкеп соғады. Адам шошырлық мұндай мәлімет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен «Рак» індетін зерттеу жөніндегі халықаралық агенттіктің бірлесіп жүргізген зерттеуінен кейін анықталды. Бірақ доңыз етін сүйіп жейтін көптеген Лондон тұрғындары бұл тұжырыммен келіспейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуі бойынша, егер адам күніне 50 грамм сүрленген, кептірілген, қақталған доңыз еті мен шұжық жесе, онда асқазан рагының туындау қатері 18 пайызға артады. Сарапшылар қайта өңделген еттің зиянын арақ пен темекі түтіні төндіретін қауіп деңгейімен теңестірді. Бірақ мұндай жаман хабарды көптеген лондондық наразылықпен қабылдауда. Лондон тұрғыны: - Бұл – ақылға сыймайтын нәрсе. Әлемде жаңадан дайындалған еттен артық өнім жоқ. Қызыл етті темекімен салыстыру – орынсыз. Лондон тұрғыны: - Ас туралы білген маңызды. Бұл – керек дүние. Бірақ бұл жолы асыра сілтеген сияқты. Мұндай ақпараттарды апта сайын естіп жатамыз. Келесі жолы қызанақтан рак боласыз деуі ғажап емес. Ал ғалымдар аталған ескерту шикі етке емес, қайта өңделген етке байланысты айтылып отырғанын еске салуда. Роберт Пикард, Нейробиология университетінің профессоры: - Етті әртүрлі әдіспен өңдеуге болады. Мысалы, етті түтінмен ыстау арқылы қақтаса, онда түтінмен бірге қауіпті ісік тудыратын заттар түсуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еттің өзі емес, оны дайындау кезінде қолданылатын химиялық заттар қауіпті екенін алға тартады. Медицина мамандарының бұл мәлімдемесін ет өндіретін кәсіпкерлер де сынға алуда.
24.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста