Ми үшін ең қауіпті өнімдер
Британдық араб тіліндегі Rai Al Youm басылымы миға ең қауіпті өнімдерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Альцгеймер ауруы мен пациенттердің тамақтануы арасында байланыс бар екені анықталды. Сондықтан аурудың пайда болу қаупін азайту үшін кейбір тағамдарды рационнан алып тастау керек.
Күнделікті кондитерлік өнімдерді, тәттілерді және газдалған сусындарды тұтынудан бас тартуға кеңес беріледі. Өйткені олар мидағы қабынуды және жүйке жасушаларының зақымдалуын тудыруы мүмкін.
Сондай-ақ, құрамында капсаицин бар ащы тағамдар мен дәмдеуіштерден сақтану керек. Олар ақыл-ой қабілеттерін төмендетіп, есте сақтау қабілетін төмендетеді.
Миға қауіпті тағамдардың тізіміне қуырылған тағамдар мен фаст-фуд кіреді. Өйткені олардың құрамындағы транс майлар мидың белсенділігінің төмендеуіне әкеледі.
Басылымның авторлары сондай-ақ, шұжықтарда, ет өнімдерінде және ірімшікте көп мөлшерде кездесетін консерванттар, тұз және қаныққан май қышқылдарын да өте қауіпті өнімдер тізіміне қосып отыр. Олар мидың қабынуын тудырып, қан тамырларын зақымдайды.