Мен Әбішевті сотқа берген емеспін – Ажар Ғиният

Министр Ғиният Біртановтың орынбасары болған Әбішевті не үшін сотқа берді? Бұл сұрақты журналистер бүгін Сенат кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың өзінен сұрады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Сіздердегі ақпарат дұрыс емес. Біреулер менің рұсқатым мен келісімімсіз менің персоналды мәліметтерімді пайдалана отырып, петицияға қатысқан. Сол жерде менің жеке мәліметтерім заңсыз пайдаланылған. Сол себепті мен мемлекеттік органның өкілі болғанымдықтан және менің кез келген мәлімдемемді халық министрліктің позициясы деп қабылдайтындықтан, мен арыз жаздым. Кім оны істегенін, не мақсатта жасағанын білгім келеді», - деді Ажар Ғиният.

 

«Яғни сіз Біртанов пен Әбішевті қолдамайсыз ба?» деген сұраққа министр былай деді.

 

«Мен ойымды айттым. Бәрі заң аясында шешілуі керек. Біз сот шешімін күтіп отырмыз», - деді Ажаи Ғиният.

 

Еске сала кетсек, экс-министр Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтің ісіне әлі нүкте қойылмай келеді. Экс-шенеуніктердің ісі аппеляциялық сатыдан өтіп жатыр. Өткен сот отырыстарының бірінде Елжан Біртанов қазіргі министр Ажар Ғинияттың Олжас Әбішевті сотқа бергенін хабарлаған еді.

 

«Біз сотта Ажар Ғинияттың полицияға арыз жазып, Біртанов пен Әбішетві қорғау үшін жазылған петицияға қол қоймағанын біліп жатырмыз. Ал сотта біз Ажар Ғинияттың қолын көргенбіз. Сол кезде біз соттан Ғинияттың нақты позициясы қандай деп сұраған едік. Ғиният Әбішев қолды өтірік қойды деп күдіктенетін көрінеді. Олжас Әбішевты тағы полицияға жауап алуға шақырды. Ол кезде қалалық сотта біздің аппеляцияға берген ісіміз қаралып жатқан. Мұның бәрі Олжас Амангелдіұлына ойға келмейтін психологиялық қысымды жалғастыру үшін жасалып жатқаны анық», - дейді Біртанов.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста