Ит пен мысық адамды қалай емдейді?

Жан-жануарлардың көмегімен дерттен демде айығуға болатынын көпшілік біле бермеуі мүмкін. Осы зоотерапияның ғылыми түрде тұжырымдалып, қолданылып жүргеніне көп бола қойған жоқ. Бұл ем түрі соңғы кезде әсіресе мүмкіндігі шектеулі, ақыл есі кем балалар үйінде қолданылып жүр. Жаппай болмаса да, кейбір өңірлердегі қозғалыс бар.

Былтыр Жамбыл облысындағы Ішкі істер саласының мамандары кемтар балаларды атпен серуендетіп, сол арқылы емдеу курсын ұсынған болатын. Сол сияқты Шымкенттегі «Мейірім» мүгедек балалар орталығында да атпен серуендету емі жүргізіледі. Атпен серуендеу яғни, ғылыми түрде иппотерапия деп аталатын ем түрінің өте пайдалы екенін ғалымдарымыз дәлелдеп отыр. Бұл ем түрі - тірек қозғалысы, простатит, ДЦП, склероз, артроз ауруларынан айықтыруға септігі мол. Атқа мінген адамға минутына 100 шайқау импульсын береді екен. Сондай-ақ, жылқы малының температурасы адамның дене қызуынан 1,5-2 градусқа жоғары болады. Сол себепті де жылыту массажын жасай алады. Иппотерапия өз күшіне сенімді арттырады, мүмкіндігі шектеулі жандар мүгедек арбасынан атқа мінгенде өзін еркін сезінеді. Бұл ем түрінің ешқандай да қарсы көрсетілімі жоқ... Бұрындары қойшылардың балалары неге көп болған дерсіз. Жауабы біреу ақ. Үнемі атқа мінетіндіктен ер адамның жыныс мүшелері қозғалыста болады. Сол себептен де олар простатит дегенді білмеген. Дельфинотерапия шетелдердегі мүгедек балалар үйінде кеңінен қолданылады. Мұндай ем түрі біздің елде мүлде жоқ, тіпті бұл туралы ақпарат та жоқтың қасы деуге болады. Дельфинотерапия – психотерапияның бір тармағы болып табылады. Бұл су жануарының көмегімен балалардың тұтықпа ауруын, ДЦП, энурез ауруларын емдеуге болады. Сондай-ақ оның көмегімен табиғи және техногендік апаттан жарақат алғандар, бұрынғы қашқындар мен кепілге алынғандардың арасынан сауығып кеткендер көп көрінеді. Ал, есігінің алдындағы итін емші деп ешкім де ойлай қоймас. Канистерапия деп аталатын бұл ем түрі көптеген аурулардың алдын алуға сеп болады екен. Егер ит жараны жаласа тез жазылып кететінін байқаған боларсыз. Өйткені иттің сілекейінде антисептик бар. Бір қызығы, әр иттің тұқымына байланысты олардың емге септігі де әртүрлі. Мәселен, лабродар, ретривер, шарпей ит тұқымдастары қан қысымын бірқалыпты ұстап тұруға, бас ауруынан айықтыруға сеп болады екен. Тірек қозғалысынан зардап шегетіндерге неміс овчаркасы мен алабай иті көп көмек береді. Ал, қытай хохлатайы жан-жақты дәрігер болып саналады. Онымен ойнағанда, сипалағанда астманың тұншықпасы кетеді. Сондай-ақ, аллергиядан, тері ауруларынан айықтырады. Онкологиялық аурулардың алдын алатын да қасиеті бар көрінеді. Ал, атам қазақ мысықтың емшілігін бұрыннан-ақ білген. Олар түрлі ауру мазалаған жерге жатып алып ем жүргізетінін көпшілік біледі. Марғау мәселен, инсульт пен инфаркт алған адамдарға, Паркинсон мен Альцгеймер ауруына ұшырағандарға көмек қолын соза алады. Таң қаларлығы, мысықтың пырылдағаны да ем екен. Оны ғалымдар ғылыми түрде дәлелдеген. Мысық пырылының дыбыс жиілігі 20 дан 50 герцке тең. Жараның тез жазылуына, сынған қол-аяқтың тез бітуіне сеп болады. Ұзын жүнді персид, ангор, сібір мысықтары мықты невропатолог болып есептеледі. Олар депрессия, ұйқысыздықты емдеуге сеп. Тықыр жүнді сиам, сфинкс мысықтары бауыр, бүйрек, гастрит, колит ауруларына дауагер... Үй жанаурларының бәрі «емші» екен деп, жаппай асырай беруге де болмайды. Олардан жұғатын аурулар да қауіпті. Мысалы, мысықтан жұғатын токсоплазмоз ауруы әйелдердің аяғы ауыр кезінде жатырдағы нәрестенің өсіп-өнуіне орасан зор нұсқан келтіретін көрінеді. Мысықтан келетін кесірден бала ақыл есінде ауытқуы бар болып туылуы ғажап емес. Бұл жұқпалы ауруды 1908 жылы француз ғалымдары зерттеп, алғаш ғылыми тұжырымдама жасаған. Ал, француз ғалымдары Никола мен Мансо, бразилиялық Сплендор да дәл осы мысықтан жұғатын ауруларды зерттеуде көп тер төккен. Кейінірек, 1923 жылы чех ғалымы Янк бұл дерттің әйел құрсағындағы шарананың түрлі патологиялық ауруларға ұшырататынын, тіпті сәбидің өлі тууына себепші болатындығын анықтапты. Сондай-ақ, мысықтан, иттен жұғатын аурулар еркектерді белсіздікке ұшыратса, әйелдерге бедеулік зардабын тарттырады екен. Сондықтан да, далада қаңғып жүрген ит пен мысыққа да абай болған жөн. Ал, ветеринар дәрігерлер жыл сайын үй жануарларына екпе жасатып тұруға кеңес береді.

Батырбек Кенжеев, ветеринарлық орталықтың дәрігері:
- Үй жануарларынан жұғатын аурулар аса қауіпті. Сол себептен де үнемі оларды егу керек. Көпқабатты үйде тұратындар ит пен мысығын үнемі шомылдырып, таза ұстаған күннің өзінде де оларға шикі ет, шикі сүт берген жағдайда ауру мал етінен де жұғуы мүмкін. Сондай-ақ, ауырып өлген ит, мысықты дер кезінде тұрғын жайдан алыстатып, көмуді де ұмытпаған жөн.

Үй жануарларынан жұғатын аурулар
Жылауық құрт көбінесе аңдар мен үй малдарынан, ит пен мысықтан жұғады. Бұл құрттар ит пен қасқырдың ащы ішегінде өсіп-өнеді де, солардың дәреті арқылы суды, шөпті, жерді ластайды. Аң терісіне де абай болған жөн. Ит пен мысықты ұстағанда жылауықтың құрты қолға жабысады. Қолды жумай тамақ ішкенде, ластанған өзендердің суын қайнатпай ішкенде құрт адамның асқазанына барып түседі. Патогенез. Асқазанға түскен құрттың ұрығы қорытылып, сыртқы қабығынан айырылып, ішекке түседі. Одан кейін қан тамырларына жайылып, бауыр, өкпе, миға ұялайды. Сол жерде өсіп өнеді. Науқастың аздаған қызуы көтерілуі мүмкін, субфебрилитет, қан аздық, лоқсып, тамаққа тәбеті төмендеп, асқазан түбі ауырып, ауырлық сезіледі. Кейбір науқаста бас ауырып, жөтеліп, ентігіп, кеудесі шаншиды, әлсіздік сезінеді. Жылауық құртының ұрықтары ағзада айлап, жылдап, көп белгі бермей жата беруі де мүмкін.

Зоо-ем
Аквариум балықтарын қадағалау – қан қысымын қалыпта ұстауға, канарейка депрессияға ұшырағандарға сеп. Тотықұс тұтықпаны емдейді. Ақ тышқан неврозбен ауыратындарға көмекші.
Бақжан Жұмаш

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста