Ғалымдар шайдың адам ағзасына тигізер пайдасы туралы айтты
Ғылыми зерттеулер қара шай ішудің тағы бір пайдасын анықтады. Мұндай сусынды тұтыну қандағы қант мөлшерін азайтып, тамақтанудан кейінгі оның деңгейін бірқалыпты ұстап тұруға әсер етеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ИноСМИ басылымына сілтеме жасап.
Зерттеу барысында ғалымдар қара шайдың ерекшелігін және қан құрамындағы қант деңгейін анықтауға тырысқан.
Мамандар жапониялықтарға тамақтанған соң 200 миллилитр қара шай берген. Осылайша оның қант және инсулинге әсерін білмекші болған. Нәтижесінде күріш жеп, қара шай ішкен адамда инсулин және глюкоза деңгейінің айтарлықтай төмендегенін анықтаған.
Сонымен қатар 2020 жылы Қытай азаматтарына жүргізілген тәжірибеде көк шайдың ұзақ өмір сүруге де әсер ететіні белгілі болды. Аптасына кем дегенде үш рет көк шай ішкен адам 15 айға ұзақ өмір сүрген.