Француз әйелдері – стильдің, сұлулықтың және сүйкімділіктің эталоны. Франциялық нәзік жандылардың сымбатты болып қалуына олар ұстанатын тамақтану қағидаларының үлесі мол деп жазады Massaget.kz.
- Азық-түлікті супермаркеттен емес, базардан сатып алыңыз
Француз әйелдері үшін тамақтың сапасы аса маңызды. Олар жақсы танитын және сенетін сатушысы бар жергілікті базардан табиғи өнім алуға тырысады.
Франция тұрғындары тек мерзімдік көкөністер мен жемістерді алады. Ет пен балыққа да аса мән береді.
Олар супермаркетте сатылатын жартылай фабрикат, мұздатылған өнімдерге және консервілерге қызыға бермейді.
- Тамақты үйден пісіріңіз
Франция аспаздық ел болып саналады. Сондықтан да тұрғындар үйден тамақ пісіргенді жақсы көреді.
Егер үйден толыққанды түскі ас ішсеңіз, күні бойы тоқ жүріп, зиянды тіскебасарларды іздей бермейсіз.
Оның үстіне жылдам дайындалатын тамақтану орындарына қарағанда үйдің тамағының неден дайындалғанын біліп отырасыз.
- Таңғы асыңызды жұмысқа өзіңізбен бірге алып барыңыз
Таңғы ас ағзаның оянуына және барлық органдардың іске қосылуына жауап береді. Егер таңғы ас ішпесеңіз, асқазан жұмысын бұзып алуыңыз мүмкін.
Дұрыс таңғы ас ішпесеңіз, түскі ас кезінде тамаққа қатты тойып аласыз. Сондықтан тамақ ұзақ қорытылады, ал сіз өзіңізді ауыр сезінесіз.
Франция тұрғындары асығып бара жатса, тамақтарын контейнерге немесе қағаз пакеттерге салып, өздерімен бірге жұмысқа алып кетеді.
- Дастархан басында кітап оқымаңыз немесе экранға қарамаңыз
Тамақ ішкенде теледидардан және ұялы телефоннан бас тартыңыз. Барлық техника тамақ дәмінен рахат алуға кедергі болады. Францияда тамақ ішіп отырып, бір-бірімен әңгіме айтып отыруды жөн көреді.
Француздар үшін тамақ ішу процесі өте маңызды, олар әр тамақтан рахат алуға тырысады. Оның үстіне тамақтың әдемі безендірілгеніне және оны ішу этикасына мән береді.
Олар дастархан басында тамақты асықпай ішеді. Сол кезде ағза тамақты қорытып үлгереді. Ал басқа нәрсеге алаңдап отсаңыз, қалай артық тамақтанып қойғаныңызды байқамай қаласыз.