Ересек адамдарға күніне қанша сағат ұйықтау қажет?
Ұйқы қанбау немесе көп ұйықтау, екі жағдай да денсаулыққа зиян деген АҚШ ғалымдары жаңа зерттеу қорытындысынан кейін бір ауыздан 7-8 сағат ұйықы туралы өз пікірлерімен бөлісті, деп жазады Росбалт.
«Ересек адам қанша уақыт ұйықтау қажет? Бұл - ғалымдар мен қарапайым адамдарды баяғыдан бері толғандырып жүрген сұрақ. 8 сағат ұйықтау керектігі бұрыннан белгілі. Ал кейбір адамдар ересектерге алты сағаттық ұйқы да жеткілікті дейді. Бұл қаншалықты зиян, я болмаса пайдалы. Ғалымдар бұл зерттеуінде аз ұйықтаудың несімен қауіпті екенін айтты.
Тәулігіне 6 сағат ұйықтайтын адамдар өздерін жақсы сезінетінін айтады. Негізінде олай емес. Әрдайым ұйқысы қанбай жүру белгілі уақытқа дейін қордаланып келіп, денсаулыққа қатты әсер етеді, дейді ғалымдар.
Ұйқы тапшылығы баяу, жинақталады. Егер күнде нормадан төмен ұйықтасаңыз, онда адамның есте сақтау мен ден қою қабілеті әлсірейді, жұмысқа қабілеті төмендейді, ағзаның иммунитеті әлсірейді, өмірлік маңызы бар органдардың жұмысы бұзылады.
Айта кету керек, бүгінгі ғылыми зерттеулер адамдардың жас шамасына қарай қанша сағат ұйықтау керектігін төмендегідей тұжырымдаған. Жаңа туған нәресте тәулігіне - 21-22 сағат, алты айлық нәресте 14 сағат, бір жасар сәби 13 сағат ұйықтайды. Төрт жасар сәби тәулігіне - 12 сағат, жеті жасар бала - 11 сағат, он жасар бала - 10 сағат ұйықтайды. 15 жасар жасөспірім тәулігіне - 9 сағат, 17 жасар жасөспірімдер 7 - 8 сағат ұйықтаса да жеткілікті. Ғалымдардың ортақ пікірі бойынша ересек адамдар үшін 7 мен 9 сағат ұйқы керек.
Ал Қытайдың ежелде өмір сүрген дәрігері Хуа То адамдар ерте тұру уақытын таң шеті сөгілген мезетке (03:00-5:00 аралығы) туралағаны жөн. Бұл кезде қамығуға, ашулануға болмайды. Олай болғанда өкпе мен бауырға зақым келеді. Осы уақыттарда ояна алсаңыз күндіз бір күн бойы сергек жүресіз, дейді. Оның дәрігерлік мұрасында мынадай тұжырым бар.
Түскі кез, яғни сағат 11:00-13:00 аралығы, жүрекке қуат жеткізілетін уақыт, бұл мезетте ұйықтауға мұрса болмаса, 15 минут жайланып отырып, көзді жұмып жүйкені тыныштандырсаңыз, жүрек қуатыңыз толық болмақ. Жүрек ауруы барлар әр күні осы екі уақытта ұйықтауды ұмытпаса, дене қуаты күн сайын артады, жүрек қағуы қалыпқа түседі. Ал, дәл түс мезгілінде көзді жұмып 3 минут ұйықтау екі сағат ұйықтағанмен тең.
Жарым түн (түн ортасы: сағат 23:00-ден 01:00 аралығы). Шындығында жаңа бір күн түнгі сағат 00-де емес 23:00-де басталады. Біз сағат 00-де басталады деп ағат түсініп жүрміз. Бауырдың бір ерекшелігі, адам жатқанда қан қайтады, отырсаң, тұрсаң басқа мүшеге қан жібереді. Бауыр мен өт екеуі ағайын, бірі аға, бірі іні секілді. Сағат 23:00-де өт қан жолы ашылады, егер ұйықтамасаңыз, өт қуатын зақымдайды. Іштегі 11 мүше өт қуатына сүйенеді, өт қуаты әлсіресе, ішкі мүшелердің барлығының қызметі әлсірейді, зат алмасуы, иммунитет кемиді.
Түн ортасындағы 5 минуттық ұйқы 6 сағаттық ұйқының демалысын сыйлай алады. Сондықтан, ұйқысы қашып жүргендер немесе түнделетіп жұмыс істейтіндер, жарым түнде уақытын бөліп жарты сағат ұйықтап алса, денсаулығына түсетін артық қысымды жеңілдететін болады.
Адам бір түнгі ұйықтамаудың зиянын 100 күнде толықтай алмақ емес. Бір түн ұйықтай алмасаңыз, жаңа клетка жасалмайды. Күндіз бір миллион клетка жойылып, түнде 500 мыңы ғана толығатын болса, денеңіздің қуаты әлсірейді.
Түн ауған кезде (түнгі сағат 01:00-03:00 аралығы) бауырдың қан жолының қызметі арта түседі, бұл кезде ұйықтамасаңыз, бауыр улы заттарды аластай алмайды, таза қан жасай алмайды. Қанның қордалануы жетерсіз болу себебінен адамның өңі көгеріп тұрады, уақыт ұзара келе бауыр ауруларына оңай шалдығады.
Тамақ іше сала шалқалап жатпаңыз. Төсекте жатып келешек істерін ойламаңыз. Жатқаннан кейін, бар ойдан арылып, еркін тыныс алу керек. Санаңызға сансыз ой оралып, тынышыңыз кетсе, төсекте аунақшып жата бермеңіз. Бұл адам жүйкесін мейілінше тоздырады. Мұндайда біраз түрегеліп отырып барып жатқаныңыз жөн.
kaz.gazeta.kz