Дертті бет пен қолға қарап та білуге болады
Адамның бет-жүзі мен қолына қарап та оның қандай дертпен ауыратынын білуге болады екен. Төменде жазылған жайларды назарыңызда ұстай жүріңіз! Егер өзіңізден сол белгілердің бірін байқасаңыз, тез арада дәрігерге қаралуға кеңес береміз.
Шекеңіздің терісі қызара бөртсе, оны ішек қызметінің бұзылғандығы деп біліңіз. Маңдайыңыз қызарыңқырап тұрса, онда сіз тұтынатын тағамдардың құрамында тұз көп болғаны. Тұз бүйректің жұмысына кедергі келтіреді. Ал маңдайыңыз бозарыңқы тартса, тәттіге аса құмар жанның бірісіз. Тәттіні шектен тыс жеу ағзаға зардап тигізеді.
Екі қасыңыздың арасындағы әжімдердің сызығы көлденең болса, бауырдың қызметі нашарлады деген сөз. Маңдайдағы түзу және көлденең тартқан әжім белгілерінің көптеп кездесуі – құрамында ақуызы мол тағамдарды аса көп пайдаланудың салдары.
Қос жанарыңыздың астыңғы және үстіңгі жағы қошқылданып, қатпарланып кетсе, бүйректің ауыратыны шүбәсіз.
Беттің ұшы мен танаудың айналасындағы тері қабаттарының қызарып кетуі бұл ішек-қарын ауруларының туындағанын ұқтырады. Ал танау ұшындағы тамырлар көлемі кеңейіп кетсе, сөз жоқ жүрек-қан тамырлары жүйесінің қалыпты жағдайдан ауытқығаны.
Бет ұшы мен еріннің арасындағы бөлікте ақ немесе қара бөртпелер болса, сіз қант пен сүт тағамдарын молынан тұтынатын адамсыз. Сондай-ақ бронхит ауруының белгілері де беттің осы бөлігінде аңғарылады.
Иек пен жақ терілеріндегі ауытқушылықтар жыныстық қатынастың себеп-салдарынан хабар береді. Әйелдің иек терісі қызара бөртсе, менструальді кезеңнің басталғаны. Ал сол бөртпелер ағарыңқы түсті, әрі қаттырақ болса, ол әйелдердің жыныс мүшесіндегі саңырауқұлақты инфекциямен байланысты.
Қолыңыз қысы-жазы жылымайтын болса, онда аяқ-қолдағы қан айналымының бұзылғаны. Ал алақаныңыз үнемі қызып жүрсе, бауырдың уытқа қарсы «қайратының» кеми бастағаны.
Алақаныңыз тершіп, дымданып немесе құрғап, бозарып жүрсе, қалқанша без жұмысындағы ақаудың салдары. Қолыңыздың терісі ақжарғақтанып, сыдырылып түсе бастаса, тәніңізде А, Д дәрумендері тапшы.
Шынашағыңыз ауық-ауық жансызданып қалғандай сезілетін болса, жүрек-қан тамырлары жүйесінде ақау бар. Егер жансыздану үлкен саусақтарыңыздан байқалса, ол – тыныс жолындағы кеселдің хабаршысы.
Саусақтың ең төменгі, яғни алақанға ұштасқан тұсындағы буынға терең, көлбеу әжімдер түссе, сусамырға шалдығуыңыз ғажап емес. Саусақтарыңыздың ұшы қан қызыл түске енсе, ас қорыту жүйесіндегі ақауды, қоңыр-қызыл түске енсе, бауыр мен бүйректегі кеселді аңғартады.
Оң қолдағы сұқ саусақ ұшының екі қапталы дуылдап қыши берсе, тоқ ішегіңізді бір тексертіп алыңыз. Сұқ саусақтың ішкі жағы ақжарғақтанып, терісі түлей берсе, онда ол өт қалтасы жұмысы бұзылғанының белгісі.