Жұмыс істейтін барлық халық жаттығу істесін деген денсаулық сақтау министрлігінің шешімі жұртшылықты елең еткізді. Бұл норма министр Алексей Цойдың бұйрығында бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлі күшіне енбесе де, бұл шешім көпшіліктің наразылығына тап болды. Онда бастықтардың басшылығымен жалдамалы қызметкерлер күннің бірінші жартысында, 15 минут жаттығу жасауы туралы егжей-тегжейлі жазылған.
 Жаттығулар жиынтығына созылуға және сергітуге арналған қимылдар кірген. Сондай-ақ, жұмысшылар дене бөліктерін жиі айналдыруы керек. Ыңғайлы болу үшін жұмыс беруші барлығына дене шынықтыру үшін лайықты аумақты қамтамасыз етуі керек: кем дегенде бір жарым шаршы метр.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл шешімнің тек қана ұсыныс сипатында болғанын айтады. Физикалық жаттығуды істемеген жағдайда жауапкершілікке тартылмайды.