Дәрігер Андрей Кондрахин жаңа жылдық тойлатудан кейінгі мастықтан жылдам айығуға ең тиімді тағам тауық сорпасы, борщ сияқты сұйық тағамдар екендігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кондрахиннің айтуынша егер ағза алкогольмен уланған болса, келесі күні жеңіл тағамдар ішкен абзал. Бұндай жағдайда көмектесетін ең тиімді ас тауық сорпасы.
Адам ағзасындағы барлық қалдықтарды шығару үшін ас қорыту жүйесі жұмыс істеуі керек. Сондықтан ішімдік тұтынғаннан соң аш жүріге болмайды. Ал, сорпа, борщ сияқты сұйық тағамдар денені мастықтан арылуға және ауырлық сезімінен құтылуға көмектеседі.
Егерде тамаққа тәбет жоғалған болса, ұзақ жатып тыныққан жөн. Себебі бұл кезде ағза токсиндерді бүйректің көмегімен шығарады.