Балаларға мүгедектік тобы 7 жастан берілген жағдайда жәрдемақы қанша болады

Балаларға мүгедектік тобы 7 жастан берілген жағдайда жәрдемақы қанша болады

Жаңа жәрдемақы қазір I және II топтағы 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға төленетін жәрдемақының мөлшерімен шамалас
Өткен аптада парламент мәжілісіне мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік жағынан қорғауды көздейтін заң жобасы түсті. Құжатта мүгедектік тобын балаларға жеті жастан белгілеу ұсынылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Заң жобасын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірледі. Онда баланың денсаулығына, мүмкіндігінің шектелуіне және организм функцияларының бұзылуына байланысты мүгедектік тобын 7 жастан бастап белгілеу туралы норма көзделген.

Министрлік Sputnik Қазақстанның сауалына берген жауабында мүгедектік тобы жеті жастан берілген кезде, жәрдемақы қанша теңге болуы мүмкін екенін айтты.

"Балаларға мүгедектік тобы 7 жастан бастап берілген жағдайда, I топ ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,92 коэффициенті (65 860 теңге), II топ &ndash 1,59 КД (54 540 теңге), III топ &ndash 1,4 КД (48 023 теңге) шамасында жәрдемақы алады", - делінген ресми жауапта.
Айта кетсек, 2021 жылы базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңге болып бекітілді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мүгедектігі бар балалардың 4 санаты бар: 16 жасқа дейінгі мүгедек бала, 16 жастан 18 жасқа дейінгі бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедек бала.

Мүгедектік тобы балаларға 16 жастан бастап беріледі.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша болады &ndash министрлік ақпарат жариялады

Сонымен қатар, заң жобасында мүгедек бала 18 жасқа толғаннан кейін тәрбиелеп отырған отбасы үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезектілікті сақтау көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыру шараларын қабылдау, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін жетілдіру қарастырылған.

Еске салсақ, биыл 1 қаңтардан бастап мүмкіндігі шектеулі жандарға төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 5%-ке өсті.

Жалпы және кәсіби аурулардан, еңбекте мертігуден мүгедек болғандарға:

I топ &ndash 65 860 теңге;
II топ &ndash 52 483 теңге;
III топ &ndash 35 675 теңге.
Мүгедек балаларға:

16 жасқа дейін &ndash 48 023 теңге.
16 жастан 18 жасқа дейін:

I топ  &ndash 65 860 теңге;
II топ &ndash 54 541 теңге;
III топ &ndash 41 163 теңге.

Sputnik. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста