Ауру атаулы "жасарып" барады...

Ауру атаулы "жасарып" барады...

Соңғы жылдары елімізде түрлі аурулардың «жасарып» бара жатқаны байқалады. Сондай-ақ анасының жатырынан шықпай жатып түрлі туа бітті ауруларды бойына жабыстырып ала шығатын, түрлі қауіпті сырқаттарға шалдығатын балалар саны да артып бара жатыр. Мәселен бұрын инсульт әдетте жасы келген адамдардың сырқаты саналатын. Дәрігерлер бұрын бұл дертке көбіне 60-ты алқымдағандар шалдықса, соңғы жылдары олардың қатарына жастардың да қосылғанын айтып дабыл қағуда. 

Яғни, инсульт дерті 16 мен 20 жас аралығындағы қыз-жігіттерді де құлатып жатыр. Әдетте бұл дерт диетаның сақталмауынан, артық тамақтанудан, тіпті жүйкенің шаршағандығынан пайда болады екен. Ішімдік ішу мен аз қозғалатын адамдардың да инсульт алу қаупі жоғары көрінеді. Әлем ғалымдары осы дертке қатысты күніне жеті минут жүгіру аурудың алдын алады деп болжам жасап отыр. Ал, отандық дәрігерлер тым құрыса күніне бір сағат жаяу жүрген адам инсультқа шалдықпайтынын айтады. Алайда қарт кісілер түгілі жастардың өзін баудай түсіріп жатқан инсультқа қарап елімізде салауаттылық өмір салтының дұрыс сақталмайтынын, насихатталмайтынын байқаймыз. Елімізде жылына инсульттан 12 мың адам көз жұмады екен. Тіпті, инсульт дерті дұрыс күтінбеген дені сау адамның өзін сұлатын түсіреді екен. Мамандар үлкендерді қойып жастарға «ауыз сала бастаған» дертке қатысты дабыл қағып, жастарды денсаулықтарына көңіл бөлуге шақырып отыр.
Сондай-ақ елімізде туа біті жүрек ақауымен туылатын балалар санының да күн санап өсіп бара жатқанына ақ халаттылар алаңдаулы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде мың сәбидің 10-ы жүрек сырқатымен өмірге келеді екен. Өткен жылы Алматы қаласындағы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы мамандары 245 баланың жүрегіне операция жасапты. Алайда жүрек ақауымен туылатын бөбектердің саны жыл өткен сайын азаймай тұр. Мамандардың пікірінше ана құрсағында пайда болатын сырқатқа анасының денсаулығының, генетикалық ауытқулардың, жүрек құрылысы пайда болғанда алғашқы айларда болатын ауытқулардың, табиғаттың, ата-ананың зиянды әдеттерінің әсері бар екен. Елімізде жыл сайын 3 мыңға жуық бала туа біткен жүрек сырқатымен туылады екен. Ал 2 мыңнан астам нәрестенің жүрегіне операция жасалады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше,бұл көрсеткіш осы кеселге шалдыққан сәбилердің 80 пайызын құрайды екен. Елімізде жүрекке жасалатын оталар сәтті жүзеге асып жатқанымен туа бітті жүрек ақауының аса қауіпті екенін айтып, мамандар дерттің шығу төркінімен күресуге шақырып отыр.
Сондай-ақ елімізде лейкоз дертіне шалдыққан балалар саны да көбейген. Қазақстанда онкологиялық дертке душар болған балалар саны да көбейгені байқалады. Әсіресе, ақ қан түйіршігіне шалдыққандар қатары еселене түскен. Мәселен, былтыр бірден 192 жеткіншекке қатерлі «лейкоз» диагнозы қойылған. Бұған дейін бұл сан 130-дан аспай келген екен. Қауіпті дерттің күрт артуы алаңдатпай қоймайды. Донорсыз өмірге қауіп төнетін лейкоз дертіне қажетті деңгейде донор қоры да жиналар емес. Екі жыл ішінде отандық хирургтер небәрі 34 науқастың жілік майын ауыстыра алған. Жасушаға жасалатын күрделі оперцияны қазір қазақ дәрігерлері де игерген. Әйтпесе, трансплатацияның ақысы сырт елде тым қымбатқа шығуда. Мәселен, Израильде оның құны – 350 мың долларға дейін шарықтайды екен.
Есепке жүгінсек, елімізде жылына 600-700-ге жуық бала түрлі онкологиялық дертке шалдығады екен. Соның 130-ға таяуы осы лейкоз сырқатының еншісінде. Мамандарымыз қаншалықты машықтанды десек те, дені сау ұрпақ ұлт байлығы. Салауаттылық өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтана білсек, балалар түгілі қарттар да жаман ауруға жоламас еді. Сондықтан дәл қазіргі таңда ұлт денсаулығын сақтауға бастар мемлекеттік бағдарлама қажеттілігі сезіледі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста