Емхана дәлізіндегі кезек қала тұрғындарының наразылығын тудырды. Тар кеңістікте адамдар арасындағы әлеуметтік арақашықтық сақталмаған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Халықтың жан айқайы көрініс тапқан бейнежазбаны Instagram-дағы zhaloby.almaty парақшасы жариялады.
Пушкин көшесінде орналасқан №1 балалар емханасында адамдар лық толы.
Мынау кезектің жартысы. Мен келгенде адам көп болған. Бас дәрігер орнында жоқ, бізді қабылдап үлгермей жатыр. Үш баламен келдім, қолымда емшектегі балам бар. Дене қызуы жоғары болғандықтан екі сағат фильтрде тұрдым. Неге кабинет бойынша қабылдамайды, — дейді кезекте тұрған келіншек.
Жазбаға сүйенсек, емханаға дене қызуымен кіргізбейді. Тек фильтр арқылы қабылдайды.