Алғашқы секстің маңызы
Алғашқы жыныстық қатынасқа түсу үшін өзіңізді тыңдаңыз. Есею үшін біреудің ақыл-кеңесі керек емес. Махаббат ләззатын сезінуге алғашқы қадам жасау.
Пәктікпен әрбір қыз ертелі - кеш қоштасады. Алқашқы жыныстық қатынас кез келген бұрымды үшін өте маңызды. Өйткені дәл сол мезетте ол өзін ер адамға ұнамды екенін сезініп, ләззатқа батады.
Қанша жаста жыныстық қатынасты бастаған жөн? Дәрігерлердің айтуынша, жас қыздардың жыныс мүшелерінің ішкі қабатының микрофлорасы дұрыс қалыптаспаған саналады. Қынаптың ішкі қабаты жұқа болады. Сол себепті оған зақым келіп, ісіп қызару процесі болуы мүмкін. Әрі бұл жаста асқан сезімталдық да болмайды. Жас қыздың дене бітімінің толығымен қалыптасып бітуі 17-18 жаста аяқталса, ал оргазмды тек 19-20 жасында ғана сезіне алады екен.
Сондықтан ерте есеюге асықпаған жөн. Мұндай маңызды істе өзіңізді тыңдаған дұрыс. Ішкі сезім не дейді? Егер сүйікті жігітіңіз "мені шын сүйсең, менімен жату керексің" деген шарт қойса, онда оның сізге деген сезімі шынайы емес. Шын сүйген адам күтеді, бағалайды және ешқашан асықтырмайды. Құрбы қыздарыңызға еліктеп олардан да ақыл - кеңес сұрамаңыз. Тек өзіңізді тыңдаңыз. Егер жігітіңізбен өзіңіз жыныстық қатынасқа түсуге бел бусаңыз, онда көптен бері танитын, өзіңіз шын көңіліңізбен қалайтын адаммен болыңыз. Бұл ретте ер адамның "жыныстық тәжірибесі" болуы керек. Бірінші жыныстық қатынасқа түсу үшін әрбір ару үшін көп уақыт дайындықты қажет етеді. Соны түсінген жігіт асықпай, үлкен ептілік танытқаны дұрыс.
Алғашқы сексте жүкті болу мүмкін емес деген пікір қате
Ғашықтар жүктіліктің алдын алу үшін және жыныстық жолмен таралатын ауруды жұқтырмас үшін мүшеқап (презерватив) қолдануы керек. Алғашқы рет болған соң арнайы майы бар мүшеқап таңдаған жөн. Немесе дәріханадан майды (смазка) бөлек алыңыз. Өйткені жас қызда алғашында табиғи сөлі аз бөлінеді.
Қыздық перде (девственная плева) әр қызда әр түрлі болады. Алғашқы сексте бір қызда қыздық пердесі жыртылып, қан көптеп ақса, енді бірінде мүлдем қан болмауы да мүмкін. Ол перденің түріне байланысты болады.
Сақина тәріздес гимен - қыздықтың ең жиі кездесетін түрі. Пердесі жұқа, оңай созылады, ортасында тесігі бар. Жыртылғанда ауырады, қан аз шығады.
Ұзынша гимен — әлдеқайда жуан, етті перде. Астыңғы жағы сыртқа шығып тұрады.
Бұл перде жыртылғанда сақина тәріздес гименге ұқсайды. Бірақ қан көбірек шығуы мүмкін.
Жарты ай тәріздес гимен — оның тесігі перденің үстінде орналасады, ал астыңғы жағы қалыңдау, жыртылуы оңай болмайды. Алғашқы сексте перде 70% жыртылады. Ал 30 % қан ақпайды, ауырмайды. Ер адам оның қыздығы жоқ деп ойлайды. Осындай пішінді гименге ер адамның жыныс мүшесі оңай кіреді.
Тор тәрізді гимен — 2 немесе одан да көп тесік болуы мүмкін. Бірінші қатынаста бұл гимен мықты болып жыртыла қоймайды. Сол үшін ер адам өз мүшесімен 2 есе қаттырақ жұмыс істеуі керек.
Алғашқы сексте ауырсынбау үшін әйел бөксесінің астына жастық салу керек. Яғни жамбас жоғары болғаны дұрыс. Екі жаққа ашылған аяқтарыңызды бүгіп, кеуде тұсыңызға жақындатыңыз. Осы қалыпта қыздық пердеше қынаптың кіре берісінде орналасады. Бұл пердешенің оңай әрі тез жыртылуы үшін қолайлы шешім. Қыздық пердеше бірнеше рет жыртылуы мүмкін. Бірінші рет жыртылғаннан кейін шамамен 5 күннен кейін бірақ қайта жыныстық қатынасқа түсе аласыз. Яғни жыртылған жері жазылуы керек. Күніне екі рет астыңызды тазалап жуып, жаралы жердің тезірек жазылуы үшін глицерин майымен жағып қойыңыз. Глицеринді жаққан соң астыңыз ашымаса демек қынабыңыз жазылып орнына келді деген сөз.
Секс қауіпсіздігі
Қауіпсіз секс өте маңызды. Жыныстық қатынасқа түсу үшін ыңғайлы жер таңдаңыз. Жігітіңізге сенімді болыңыз. Жүкітіліктен сақтанып, тазалық гигиенасын сақтаңыз.
Гинеколог кеңесі
Алғашқы секстен кейін гинекологқа міндетті түрде қаралыңыз. Өйткені ағзада үлкен өзгерістер орын алады. Дәрігер қарап, жұқпалы инфекцияның бар - жоғын, жыныс мүшелерінің саулығын тексереді. Осы ережелерді сақтасаңыз, қыздан әйелге айналу сәтін есіңізде көпке сақтап қаласыз. Алғашқы жыныстық қатынас қыздың бүкіл сексуалды өміріне үлкен әсер етеді. Сондықтан асықпай, дұрыс шешім шығарып, шынайы сезіммен махаббат ләззатына батыңыз.
(Негізгі тақырыбы: Алғашқы секс немесе қыздықпен қоштасу)