Адамның ең көп дегенде қанша жыл өмір сүретіні анықталды
Нидерланд ғалымдары адамның ең ұзақ дегенде қанша жасай алатынын анықтады. Бұл туралы lenta.ru Тилбург университетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ондағы ғалымдардың есебі бойынша, әйелдер 115,7 жыл, еркектер 114,1 жыл өмір сүре алады. Жасы 95-тен асқан адамдардың үш есе көбейгеніне қарамастан, 1986-2015 жылдар аралығында ең жоғары өмір ұзақтығы өзгермепті. Бұған қарап авторлар адам өмір сүру ұзақтығының шегіне жетті деп қорытынды жасап отыр.
Зерттеу авторлары соңғы отыз жылда қайтыс болған, жасы 94-тен асқан 75 мың нидерландтың өмір ұзақтығына статистикалық сараптама жасаған.
2016 жылдың қазан айында жария етілген зерттеу қорытындысында американ медиктері адамның орташа ең ұзақ өмір сүру ұзақтығы - 115 жас, ал ең шегі - 125 жас деген болатын.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу