Адам өмірін 150 жасқа дейін ұзартатын дәрі жасайын деп жатыр

Адам өмірін 150 жасқа дейін ұзартатын дәрі жасайын деп жатыр

Қазақстан ғалымдары адам өмірін 150 жасқа дейін ұзартуға мүмкіндік беретін жаңалық ашқандарын мәлімдеді. Айтуларынша, олар Іле Алатауынан «Кордицепс» деп аталатын өсімдік тапқан. Ал кордицепстің негізінде жасалған дәрмектер түрлі аурулардың алдын-алуда, олардан емделуде пайдалы болып қана қоймай, адамның ғұмыр жасын әлдеқайда ұзартуға да мүмкіндік береді екен.

Кордицепс деген не нәрсе?

Ал кордицепс деген &ndash саңырауқұлақтың бір түрі, бір түрі болғанда, ұрығы жәндіктердің денесінде жетіліп барып топыраққа түсетін, сөйтіп өсіп-өнетін ерекше түрі екен. Яғни оның бойында өсімдіктің де, жәндіктің де пайдалы құрауыштары болады деген сөз. Мысалы, Тибетте оған «Ярцагумба» деген ат беріліпті, бұл сөз «жазда &ndash шөп, қыста &ndash жәндік» деген ұғым береді. Ол жақта тіршілік ететін ұсақ көбелектердің бір түрінің дернәсіліне (личинка) жаз кезінде желмен ұшып, өсімдікке отырған кордицепс саңырауқұлағының ұрығы енеді. Сосын дернәсіл жұлдызқұртқа айналып, топырақ қабатына кірген соң оның нәрімен күнелтіп, көктемде жерден оның өсімдік болып шығады. Яғни жұлдызқұрт бұл кезде өліп қалады, ал кордицепс сабағының аяқ жағы өзі өсіп-өнген жәндіктің өлі денесімен тұтасып тұрады, жәндік денесі шірімейді, сол күйінде сақталады. Топырақ қабатында екі жылдай уақыт болатындықтан кордицепс өз бойына ондағы көптеген пайдалы заттарды сіңіреді.

Табиғатта кордицепстің 400-ден астам түрі кездеседі екен. Осылардың ішінде кейбірін адамдар емге, ағза қуатын арттыруға ерте замандардан қолданып келіпті. Негізінен ол Қытайда дамыған. Қытайлар ебін тауып, іскерлікпен жарнамалай білгендіктен бүгінде кордицепсті іздеп тауып, қабылдайтын жерге өткізушілер, одан биологиялық белсенді қоспа жасап таратушылар әлемнің әр елінде дерлік бар деуге болады.

(«Айқайлап» тұрған жарнамасын оқып, кордицепс іздеп тау-тас кезіп, жер қопарған адамдар осыдан біраз жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысында да болған).

Кей деректерге қарағанда, кордицепстің белсенді жарнамасы 1993-жылдан бастау алыпты. Осы жылы болған бір халықаралық жарыста Қытайдың екі жеңіл атлеті аса жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, жұртты таңқалдырған. Сол кезде олар мұны кордицепс қолданудың арқасында деп түсіндірген. Содан әуелі спортшылар арасында, кейін ұзақ жасағысы келетіндердің, жалпы, өз денсаулығына қамқорлықпен қарайтын адамдардың арасында кордицепске деген сұраныс артқан. Соның арқасында кордицепстің саудасы жанданып қана қоймай, оның құны да аспандап шыға келген екен. Мысалы, Қытай базарларында 2008-жылы  1 кило кордицепстің бағасы 25 мың евроға бағаланыпты. Табиғи таза, балғын кордицепстің 1 килосы 56 мың долларға сатылғаны туралы да айтылады. Батыс ақпарат құралдарында тіпті жарты килосы 50 мың доллар тұрады деп те жазылыпты.

Ал кордицепс негізінен биологиялық белсенді қоспалар дайындауда кеңінен қолданылады. Әрине, қандай да бір қуатты дәрмектің атағы шыққан кезде «самопал» істеп сататын алаяқтардың да дәурені жүретіні белгілі. Жарнамасын тиімді пайдаланған кейбіреулердің кордицепс деп алдап, түкке тұрғысыз түрлі ұнтақтар сатып пайдаға кенелген кездері болған. Кордицепстің улы түрлерінен дәрмек жасап сатып талайлардың обалына қалғандар да болыпты.

Ғалымдар кордицепстен өлген жәндіктердің денесіне бактериялар жоламайтынына, олардың бұзылып-шірімейтініне назар аударған, зерттеп-тексере келе оның табиғи антибиотик екеніне көз жеткізген. Антибиотикке «кордицептин» деген ат берген. Кордицептин ағзаны зиянды микроағзалардан, микробтардан, бактериялардан қорғайды.

Жалпы, кордицепс көптеген аумақтарда таралған. Бірақ оның жазықта өсетіндерінен биік таулы аумақтарда өсетіндері пайдалырақ. Негізінен теңіз деңгейінен 2, 4, 6 шақырым биіктікте кездесетіндері шипалы деп айтылады. Оның ұзындығы әрі кетсе 11 сантиметр­ге, диаметрі 3-4 сантиметрге дейін жетеді, дәмі тәттілеу болып келеді екен.

Кордицепсті адамдар көбіне Гималай тауларынан жинайды, ол әсіресе Тибет халықтық медицинасында кеңінен таралған. Сондай-ақ кордицепсті қолдану Қытайда, Бутанда, Солтүстік Үндістанда кеңінен таралған. Шипалық қасиеттерінен бөлек, ауырсынуды басады, ерлер мен әйелдердің жыныстық құштарлығын, бел қуатын арттырады деген жарнамасы да кордицепске деген сұранысты күшейте түсуде.

Жұрттың бәріне бірдей жаға ма?

Кордицепстің ең негізгі пайдалы жағы &ndash ол бүйректің жұмысын жақсартады, оны қалпына келтіре алады, тромбоциттер мен лейкоциттердің жетіспеушілігін жояды деп айтылады. Оның тіпті радиотерапия, химиялық терапия алған адамдарға да көмегі тиеді екен. Жүрек-қан тамырлары ауруларына, ұйқысыздыққа, жүйкенің ширығуына, өткір және созылмалы гепатитке, тыныс жолдары дерттеріне, қант диабетіне, қатерлі ісікке, ұйқы безі ауруларына қарсы, тіпті қартаюдың алдын-алуда да көмегі тиеді деседі. Бауыр беріштенуінен емдеуде де шипасы бар деп айтылады. Ол ішкі ағза мүшелерінің жұмысын жақсартады, эндокриндік, гормондық жүйелерге пайдалы. Кордицепс қатерлі ісік жасушаларының өсуін тоқтатады деген сөз бар. Жарияланып жатқан сипаттамаларына қарағанда, оның суықтап ауыр­ғанда, қабыну аурулары кезінде пайдасы мол, ол бауыр жасушаларының белсенділігін арттырады, оның жұмысын қалпына келтіреді, тыныс жолдарын тазартады, ағзадан қақырықты, улы заттарды, ауыр металдарды шығарады, иммунитетті күшейтеді, несеп-жыныс жолдарына шипалы, пневмония, бронхит, астма, туберкулезден айығуда да жәрдемі тиеді екен. «Қан құрамын тазартады, қан түзілуіне қолайлы жағдай жасайды, атеросклероздың, обырдың алдын-алады, күш-қуатты қалпына келтіреді, мидың қанмен, оттегімен жеткілікті қамтылуына, ағзаның қандай да бір сыртқы әсерге тез бейімделуіне жағдай жасайды, ұлпалардың, жасушалардың қартаюын тежейді, холестерин мөлшерін қалыпта ұстайды, стреске қарсы әсері бар», &ndash деп те сипатталады.

Кордицепстің құрамында аденозин деген пайдалы зат, пептидтік қосылыс­тар, алмастырылмайтын амин қышқылдары, майлы қышқылдар, А, Е дәрумендері В тобы дәрумендері, фосфолиттер, полисахаридтер, магний, кальций, темір, фосфор, цинк, селен және басқа да дәрумендер, микроэлементтер мен пайдалы заттар бар екені анықталған.

Алматыдағы өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, профессор Абай Сағитовтың айтуынша, кордицепс әсіресе бүйрекке аса пайдалы, оның жұмысын жақсартады, жүрекке, ұйқы безіне өте оңды әсер етеді. Ол қан қысымын қалпына келтіреді, қанды сұйылтады, сол арқылы инфаркттің алдын алады, тамырларда қанның ұйып, тұрып қалуын болдырмайды, ағзаны микробтардан қорғайды.

Кордицепстің осындай қасиеттерін білген біздің ғалымдар енді оны қолдан өсіру үшін арнайы ферма салдырмақ ниетте екен. Шикізат қолда әрі жеткілікті болғандықтан одан түрлі дәрі-дәрмек жасау да жеңілдей түспек. Олар осы дәрі-дәрмектердің көмегімен адамның ғұмыр жасын 150 жасқа дейін ұзартуға қол жетізуге мүмкіндік тиеді деп отыр.

Бүгінде кордицепстен өнім алу тек Қытайда ғана өндірістік жолға қойылған. Әйгілі «Тяньши» компания­сы оны көптеп шығарады. Ал, жалпы, қытайлықтар оны табиғи күйінде тапса, сол қалпында емге пайдалануға тырысады екен. Одан сұйық, құрғақ, капсула, сығынды түрінде дәрмектер жасап пайдаланады, тіпті оны сол, шикідей күйінде емге жаратып та жатады. Кордицепс Қытайда 1964-жылдан бері ресми түрде дәрі санатында тұр екен.

Ал кордицепсті жүкті және емізулі баласы бар әйелдердің, 12 жасқа толмаған балалардың, гипертониямен ауыратындардың қолдануына болмайды деп айтылады. Алғаш ішіп көргенде өте жайсы әсер етсе, ағза қабылдамаса, оны ішуді доғара қойған жақсы. Сондай-ақ инсульттен кейін, жұқпалы аурудан емделгеннен кейін де оны пайдалануға болмайтыны жөнінде ес­кертіледі. Ұзақ уақыттан бергі созылмалы ауруы барларға да одан абайлауға кеңес беріледі. Сол сияқты, оны антибиотиктермен бірге қабылдауға да болмайды делінеді.

&hellipМіне, кордицепс деген заттың осындай қасиеттері бар екен. Бүгінде Қазақстанда да оның жарнамасын белсенді түрде жасап, негізінен сұйық түрін таратушылар көп. Жасалған тәсіліне, құйылған ыдыс сыйымдылығына қарай «Кордицепс» бағасы  2600 теңгеден 15 мың теңгеге дейін жетеді. Одан қымбаттары да бар болуы мүмкін. Қажет көргендердің оны пайдалану үшін, әрине, алдымен өз дәрігерімен кеңесіп алғаны дұрыс болмақ.

Н. ӘБДІ.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста