Адамзат табиғат дүниесіндегі басқа тіршіліктер сияқты қартаю, өлу кезеңін бастан кешіреді. Көптеген адамдар қартаю мезгіліне өткен соң дене мүшелері де қартаю кезеңіне өте бастайды деп қарайды. Алайда, ағылшын зерттеушілері дене мүшелерінің қартаю кезеңіне адамның қартаю кезеңінен бұрын өте бастайтындығын дәлелдеді. Барлық дене мүшелерінің ішінде үлкен ми мен өкпенің қартаюы ең тез, бауырдың қартаюы біршама баяу болады екен.
Ендеше өз дене мүшелеріңіздің қартаю мезгілін білесіз бе?
Үлкен мидың қартаю мезгілі 20 жас.
Жастың ұлғаюына байланысты, үлкен ми жүйке жасушаларының саны біртіндеп азаяды. Адам дүниеге келгенде жүйке жасушаларының саны 100 миллиард айналасында болады. Бұлар 20 жастан бастап біртіндеп азая бастайды. 40 жасқа барғанда, нерв клеткасынан күніне 10 мыңы азайып отыратын болады. Бұл адамның есте сақтау қабілетіне, ортаға бейімделгіштігіне және үлкен мидың қызметіне ықпал етеді. Сондықтан, ересек адамдардың есте сақтау қабілеті балалардікінен әлде қайда төмен болады. Орта жастан асқаннан кейін есте сақтау қабілеті күрт төмендейді. Нерв клеткалар санының азаюынан сырт, жүйкелерді жалғастырушы жасушалар қызметінің әлсіреуі үлкен мидың қартаюын тудыратын басты себеп.
Өкпенің қартаюы: 20 жас
Көптеген спортшылар 10 жасты ең тамаша мезгіл деп қарайды. 20 жас шамасында олардың көбі спортпен айналысуды тоқтатады. Өйткені 20 жастан бастап өкпе қартаю басқышына өтеді. 40 жасқа барғанда тыныс алуды меңгеретін бұлшық еттер мен кеуде қуысы қатайып, өкпенің қозғалысы қиынға түсе бастайды. Өкпенің өміршеңдік қуаты әлсіреп, шаршау, алқыну секілді жағдайлар көбейе бастайды.
Терінің қартаю мезгілі: 25 жас
Коллагеннің бірігу жылдамдығының төмендеуіне, серпімділік қасиетіне ие ақуыздар санының азаюына байланысты, тері 25 жастан бастап қартая бастайды. Өлген тері жасушалардың дереу жойылмауы мен жаңадан жетілген жасушалардың азаюы әжім пайда болудағы басты себеп.
Бұлшық еттің қартаю мезгілі: 30 жас
Бұлшық ет жетіледі, солады, қайта жетіледі, қайта солады. Жастардың осы барыстағы тепе-теңдікті сақтауы өте жақсы болады. Алайда, 30 жастан кейін, бұлшық еттің солу қарқыны жетілу қарқынынан тездейді. 40 жастан асқан соң, бұлшық ет жылына 0.5-2% жылдамдықпен азаяды. Үнемі дене шынықтырып тұру бұлшық еттің қартаюының алдын алады.
Шаштың қартаю мезгілі: 30 жас
30 жас кезінде ерлердің шашы түсе бастайды да, жаңадан өсіп шыққан шаштар бұрынғыдан жіңішке болады. Көптеген адамдарда 35 жасқа келгенде біртіндеп ақ шаш пайда бола бастайды. Жастың ұлғаюына байланысты, меланин жасушаларының өміршеңдігі төмендеп, пайда болған пигмент азаяды. Шаштың түсінде өзгеріс туылып, ақ шаш өсіп шығады.
Жыныс мүшелерінің қартаюы: 35 жас
Аналық тұқым клеткасының азайып, сапасының төмендеуіне байланысты, әйелдердің балалы болу қабілеті 35 жастан асқан соң төмендейді. Жатыр қабығы жұқарып, аталық ұрықты қабылдай алмау, аталық жыныс клеткасына қарсы тұру құбылысы пайда болады. Ерлердің балалы болу қабілеті де 35 жаста төмендейді. 40 жастан асқаннан соң үйленген ерлердің аталық ұрық сапасының төмендеуі жұбайының түсік тастауына себепші болады.
Сүйектің қартаю мезгілі: 35 жас
Балалардың сүйегінің жетілуі өте тез болады. Ал ересектер сүйегінің қайта жетілуіне 10 жыл қажет. 25 жастан ілгері сүйек тығыздығы үздіксіз жоғарылайды. 35 жас шамасында сүйек заттары жеміріліп, қартаю барысына өтеді. Сүйек тығыздығының төмендеуі бойдың аласаруы, омыртқа аралығындағы сүйектің солуы мен сынуын тудырады.
Көздің қартаю мезгілі: 40 жас
Көздің қартаю мезгілі біздің межемізден ерте болып, адамдар әдетте 40 жасқа келісімен жақын аралықты көре алмайтын болып қалады. Мұның себебі, жастың ұлғаюына байланысты көз маңындағы бұлшық еттер жансызданып, көз қуаты төмендейді.
Жүректің қартаю мезгілі: 40 жас
Дененің қартаюына сәйкес, жүректің бүкіл денеге қан тасымалдауы төмендейді де, қан тамырлар серпімділіктен айрылып, күре тамырлар қатаяды немесе кедергіге жолығады. Мұндағы себеп, майлар айдарша артерияға жиналып, жүрекке тасымалданатын қан азаяды. Кей жағдайда жүрек талмасын келтіріп шығарады. 45 жастан асқан ерлер мен 55 жастан асқан әйелдердің жүрек ауруына шалдығу салыстырмасы жоғары болады.
Тістің қартаю мезгіл: 40 жас
Адамдар қартайған кезде сілекей азаяды. Сілекей бактерияларды өлтіру қабілетіне ие, сілекей азайған соң, тіс пен қызыл иек босайды. Мұндай құбылыс 40 жастан асқан ересектерде көп көрінеді.
Бүйректің қартаюы: 50 жас
Бүйрек қандағы жарамсыз заттарды ығыстырады. 50 жастан бастап бүйректің жарамсыз заттарды ығыстыру мөлшері азаяды. Бүйректің жарамсыз заттарды ығыстыру мөлшерінің азаюы себебінен дәрет жиілейді.
Қуық түбі безінің қартаю мезгілі: 50 жас
Қуық түбі безі жастың ұлғаюына байланысты үлкейеді де, кіші дәреттің келуі жиілейді. Қатерсіз қуық түбі безінің ұлғаюы 50 жастан асқан ерлерде жиі кездеседі. Қуық түбі безі аталық без гормонын көп мөлшерде сіміріп, қуық түбі жасушаларының өсуін тездетіп, қуық түбі безінің ұлғаюын тудырады.
Ішектің қартаю мезгілі: 55 жас
Егер ішектегі пайдалы, пайдасыз бактериялар саны тепе-теңдікті сақтаса, мұнда ішек ақаусыз есептелінеді. Адамдар 55 жастан асқаннан кейін асқазан, ішек қалыпсызданады да, асқазан, ішек қартаю басқышына өтеді. Ішек жолындағы өзгерістер пайдалы бактериялардың өмір сүруіне тиімсіз болып, олар азаяды. Бұл құбылыс жуан ішекте көрнекті болып, адамның ас қортуы төмендейді. Тіпті, ішек жолындағы науқастарға кіріптар етеді. Жастық ұлғаюына байланысты асқазан, бауыр, ұйқы безі, ішектердің ас қорыту сұйықтығының қозғалысы баяулайды.
Құлақтың қартаю мезгілі: 55 жас
55 жастан бастап, құлақтың ішіндегі жіңішке клеткалар азаяды. Жіңішке жасушалар дыбыс тербелісін қабылдап, оны үлкен миға жеткізеді.
Тіл және мұрынның қартаю мезгілі: 60 жас
Адам тілінде 10 мыңнан астам дәм сезгіш жүйелер болады. 60 жасқа қартайған кезде мұның жартысы азаяды. Ал 60 жастан кейін дәм мен иіс түйсігі біртіндеп әлсірейді. Мұрын түймешік еті немесе мұрын қуысында байқалған мәселелер иіс сезу түйсіктерінің қартаюын жеделдетеді.
Қуықтың қартаю мезгілі: 65 жас
65 жаста адам қуықты меңгере алмай қалады да несеп тоқтамайды немесе жиілейді. Әйелдер қартайғаннан кейін аналық гормонның қабілеті төмендеп, несеп жолындағы тканьдар жұқарып, қуатынан айрылады. Ал қуықтың сыйымдылығы жарты есеге төмендейді. Дәретке бару жиілейді, әсіресе, бұлшық еттің созылып, жиырылғыштығының төмендеуі қуықтағы несептің түбегейлі шығарылуына бөгет жасайды. Ауыр болғанда несеп жолын зақымдайды.
Кеңірдектің қартаю мезгілі: 65 жас
Жастың ұлғаюына байланысты дыбыста өзгеріс болады. Көкіректегі жұмсақ тканьдардың әлсіреуі дыбыстың тұнықтық дәрежесі мен сапасына әсер етеді. Бұл мезгілде әйелдердің дыбысы қарлығып шықса, ерлердің дыбысы біртіндеп әлсірейді.
Бауырдың қартаю мезгілі: 65 жас
Бауыр – қартаюға қарсылық қуаты ең күшті дене мүшесі. Бауыр клеткаларының қайталай көбею қабілеті жоғары болып, ота барысында кесіп тасталған бауыр небәрі үш айда қалпына келіп толысады.