Украиндар Путинді кешірмейді – Зеленский
Ресейдің Украинаға қарсы соғысын бастаған Владимир Путинге украиндардан басқа елдерден де кешірім болмайды. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский SPIEGEL-ге берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Azattyq Ruhy.kz-ке сілтеме жасап.
«Украиндар Путинді кешірмейді. Әлемнің көптеген елі ұзақ уақыт бойы қазіргі Ресей басшылығын елемейтіні анық. Бұл маған Гитлердің ақырын еске түсіреді. Себебі ол дүниежүзілік соғыста жеңілгенде де Лондонды бомбалауды жалғастырды. Ол мұны ақымақ болмаса да жасады», - деді Зеленский.
Зеленский Украина мен Ресей арасында саяси және тарихи үлкен алшақтық бар екенін атап өтті.
«Бұл дүниетаным мәселесі. Оның (Путин - ред.) дүниетанымының нәтижесі: қираған аумақтар, халықаралық құқықты, адам құқықтарын елемеу, барлық тіршілікке немқұрайлы қарау», - деп атап өтті украин көшбасшысы.
Зеленскийдің пікірінше, Ресейдің қазіргі президентін тоқтату мүмкін емес, «өйткені Путин – айдаһар, оның тәбетін қанағаттандыру үшін оған бір елді немесе кем дегенде олардың бір бөлігін бересіз».
Ол сондай-ақ Ресей Федерациясына қарсы санкциялар енгізуге немесе қару-жарақ жеткізуге асықпайтын кейбір елдің саясатынан көңілі қалғанын айтты.
«Менің сөзімді қаралау реиінде қабылдаған мемлекет басшысына 10 танк жеткізудің мағынасы жоқ екенін айттым. Бұл Олаф (Шольц) емес екенін айтуым керек. Мен міселе танктердің санында емес және бұл туралы саудаласудың қажеті жоқ дедім. Бұл санкциялар сияқты саяси шешім. Танктерді жеткізу тек бәріміздің ресейлік агрессияға қарсы екенімізді білдіреді. Ал ертең ол танктер емес, ұшақтар немесе басқа нәрсе болады. Орыстар сіздің шекараңызға келсе, өз адамдарыңыздың өмірін құрбан етуіңіз керек. Сондықтан Украинаның бүгінде істеп жатқан әрекеті сіздің еліңіз үшін анағұрлым қолайлы», - деді Зеленский.