Украинада атыс-шабыс үдеп барады

Украинада атыс-шабыс үдеп барады

Соңғы күндері Украинаның Харьков қаласындағы атыс-шабыс үдеп барады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің хабарлауынша Ресей әскері шаһардың тұрғын үйлерін зымыранмен атқылаған.  Салдарынан екі адам қаза болып, 31 бейбіт тұрғын ауруханаға түсті.

 

Мамандар мерт болғандар мен жараланғандардың саны әлі де өсуі мүмкін дейді.

 

Құтқарушылар отқа оранған үйлерден 65 адамды эвакуациялады.

 

Ал, жұмы күні болған атыстан бірнеше адам опат болып, 50-ден астамы жараланды.

 

Мариупольдегі жағдай да мәз емес. Аймақта жарылыстардың дыбысы күнде естіледі. Шаһарда азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек тапшы.

 

Ассоушиейтед пресс ақпарат агенттігінің хабарлауынша гуманитарлық дағдарыс орны алған өңір әлі күнге дейін Ресей әскерінің қоршауында.

 

Владимир Зеленский, Украина президенті:

 

– Мариупольдегі ахуал өте қиын. Шаһар адам тұра алмайтын жерге айналды. Бұл – Ресейдің ісі. Оның мақсаты қаланың тас талқанын шығару болды. Ондағы халық та қырылып жатыр. Серіктестеріміз бізге шұғыл тұрде әскери ауыр қару-жарақ пен ұшақтарды жөнелтуі тиіс. Бізге бұл көмек ауадай қажет.  Мариупольды басқыншылардан босатуымыз керек.

 

РЕСЕЙ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

 

Ал,  Ресейдің қорғаныс министрлігінің хабарлауынша,  Украинадағы қарулы қақтығыстан 23  мыңнан астам украиналық әскер қаза болды. Мариупольдың өзінде 4 мың сарбаз көз жұмған. Тағы мыңнан астамы кепілде.

 

Сонымен қатар Ресей күштері Одесса маңында Украинағабатыстан  қару жеткізбек болған ұшақты қағып түсіргеннін мәлім етті.  

 

Игорь Конашенков, РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

 

– Мариуполь аумағы «Азов» украин ұлтшыл құрамы мен шетел әскерінен қорғалды. Шаһарды азат еткенде, 1464 украиналық әскер күш көрсетпей беріле салды. Олардың саны күн өткен сайын артып барады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста