Украина ТМД-дан шығу туралы шешім қабылдады
Украина Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан шығу үдерісін бастады, деп хабарлады ҚазТАГ «Укринформ» агентігіне сілтеме жасап.
«ҰҚҚК-де тек ТМД-дағы төрағалықты тоқтату туралы ғана емес, сонымен қатар ТМД-дан шығу үдерсін бастау туралы шешім қабылданды», - деп айтқан Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің (ҰҚҚК) хатшысы Андрей Парубийдің сөзі келтірілген.
Одан басқа, оның айтуынша, Украина аумағында украиндық армия мен ел қауіпсіздігіне кепіл-одақтас мемлекеттердің әскерлерінің қатысуымен бірлескен әскери жаттығу өткізу жоспарын дайындау туралы шешім қабылданды. Кепіл-мемлекеттерге ол туралы үндеу дайындалды, деді А, Парубий.
19 наурызда Украина 2014 жылы ТМД төрағалығынан бас тарту туралы шешім қабылдады. Украина СІМ жасаған мәлімдемеде көрсетілгендей, ТМД өзінің қатысушы-мемлекеттер арасындағы шиеленістік жағдайды реттеу жөніндегі функциясын орындамайды және «жекелеген мүшелерінің, оның ішінде Ресей Федерациясының мүдделерін іске асыру тетігіне айналды». Сәуір айында Беларусия Украинаның орнына ТМД-дағы төрағалығын алуға дайындығын мәлім етті, деп хабарлады БелТА.