Агроөнеркәсіптік кешенге серпін беретін – "ақылды" техника

Агроөнеркәсіптік кешенге серпін беретін – "ақылды" техника

 Агроөнеркәсіптік кешенде тегеурінді техниканың маңызы зор. Сондықтан да әлемнің әр бұрыншында әр күн сайын заманауи техника түрлері, көліктер, құралдар пайда болып жатыр, олардың барлығы дерлік толық автоматтандырылған, істі жылдам әрі жеңіл атқарады, өнміділікті арттырады. Мысалы, егін шаруашылығын алар болсақ, бүгінде фермерге қажетті алдыңғы қатарлы көліктерде дәлме-дәл егіншілік жүйесі бар. Мұндай құралдар алқаптарда не болып жатқанын жазып, құжаттандырады. Бұл мәліметтер жекелеген алқаптар бойынша шығымдылық, себу, бүрку карталарын жасауға мүмкіндік береді. Осы арқылы агрономадар, механизаторлар, инженерлерге өз істерін саралап, дала жұмыстары кезінде жіберліген қателіктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Шетелдік ауыл шаруашылығы техникаларының еліміздегі диллері Евгений Чесноковтың айтуынша, бүгінгі қолданыстағы шетелдік озық техника толық жетілдірілген. Өткені көліктердің кейбірі өздігімен жүріп, жұмыс істейді Осылайша адам күшін үнемдейді. Оның үстіне аса көп шығын талап етпейді, басқа да артықшылықтары бар. Сондықтан да тегеурінді агрегаттар жоғары бағаланады. Мұндай зааманға сай техникалардың бағалары басқалармен салыстырғанда қымбат болуы мүмкін, бірақ мамандардың айтуынша, мұндай құралдардың экономикалық тиімділігі жоғары. Заманауи техника өндірушілер әрқашанда сатып алушылардың көңілінен шығуға тырысады. Сондықтан олар өз сатып алушыларының ұсыныс-тілектерін ескеріп еңбек етеді.

Фермерлер техникалық парктерге түрлі талаптар қояды. Солардың негізгілеріне тоқталайық.  Ауылшаруашылық саласының өкілдері алатын көліктерінің өнімділігі жоғары, сенімді және қосалқы бөлшектері болғанын қалайды. Оған қоса мамандар болашақта сервистік қызмет көрсетілсе дейді.

Евгений Чесноков, шетелдік ауыл шаруашылығы техникаларының еліміздегі диллері: – Қазіргі кезде әрбір өңірлерде фермерлерге сервистік қызмет көрсететін бөлімдер жұмыс істейді. Бұл бағытта жұмысты әрмен қарай жалғастырамыз. Мысалы, осы жылы заманауи талаптарға сай келетін үлкен орталық тұрғызуды жоспарлап отырмыз. Іске тың жүйелерді енгіземіз. Осының арқасында қашықтықтан техниканың ақауын анықтаймыз және жөндеу жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқандығын қадағалайтын боламыз. Салада жетілдірілген техникалық парктен бөлек заманауи жүйелер мен қондырғылар да бар. Мұндай жаңашылдықтарды агроқұрылымдар неғұрлым көп пайдаланса, соғұрлым көп ақпарат алады. Кез келген мәлімет фермерлер үшін өте маңызды. Біз нарыққа ауа райын болжайтын станцияларды да шығармақшымыз. Мұндай жаңашылдық Австрия мен АҚШ-та жасалған. Олардың көмегімен күн райын таралуы мүмкін деген ауруларды болжауға, сонымен қатар 7-14 күнге алқаптардағы жұмысты жоспарлауға болады. 

Соңғы онжылдықта әлемде халық саны күрт артып, жаһандық проблемаға айнала бастағанын мамандар айтып жүр, ал ғалымдар адамдарды азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі уақыт өткен сайын күрделеніп бара жатқанын да оқтын-оқтын ескертіп қояды. Осы орайда халықтың сұранысын қамту үшін де астық өнімдерін алудың тиімді тәсілдері заман талабына сай өзгеріп, сандық технологиялардың таңғажайып мүмкіндіктері өнім көлемін еселеп арттыруға ықпал ететінін түсінуіміз керек.

Дүние жүзі бойынша көшбасшы саналатын Cisco компаниясының мәліметінше, қазіргі кезде азық-түлік секторында ғаламтордың мүміндігін пайдаланудың маңызы зор. Айталық, ауыл шаруашылығы құрылғыларында арнайы датчиктер орнатылады. Осы арқылы ауылшаруашылық ресурстарын жинауды, тексеруді жеңілдететін IoT жүйесі пайда болды, оған 14,4 трлн доллар шамасында қаражат салынған. Осы IoT датчиктері арқылы фермерлер әлемнің қай түкпірінде жүрсе де, өзінің шаруа қожалығындағы немесе фермасындағы, егіс алқабындағы өнімін көріп, бақылап отыруға, дер кезінде қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндігі бар. Мысалы, егер егін алқабының бір шетіне су бармай қалса немесе минералдар жетіңкіремей жатса, IoT датчиктері жүйе арқылы шаруаға алқаптағы жағдай жайлы ақпарат береді. Бұл жүйе АҚШ-та ерте қолданысқа енгізілген. Мұнда фермерлер дрондардың көмегімен қуаңшылыққа және табиғаттың басқа да зиянды факторларына қатысты мәліметтерді еш кедергісіз, уақытылы алып отырады. Осындай «ақылды» құрылғылар тұқым себу сызбаларын талдау және жоспарлау арқылы топырақтың сапасын болжау үшін де қолданылады.

Тапқан-таянғандарын жерге салып, қайтсек жақсы өнім аламыз деп жүрген шаруалардың маңдай термен еккен егінін уақытылы орып алу үшін заманға сай, озық техникалар керегі айтпаса да түсінікті. Осы орайда  ҚР ауылшаруашылық саласы  жаhандық жаңалықтардан тыс қалмауға ұмтылыс жасауда. Өйткені елімізде жылдан жылға ауылшаруашылық технологияларына салынған инвестиция көлемі артып келеді. Мысалы, осыдан 4 жыл бұрын  қаржы көлемі 4,6 млрд доллар болса, бүгінде бұл салаға салынған қаражат артпаса, кеміген жоқ.

Серікбай Жаныбеков, Шетелдік ауыл шаруашылығы техникаларының еліміздегі диллері: – Қазіргі таңда еліміздегі ондаған агроқұрылым ескірген техникалық парктерін түбегейлі жаңартып жатыр. Оларға мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі, несие де беріледі, шығынның бір бөлігі өтеледі. Мұндай қолдауды фермерлер қауымы жақсы біледі. Қазір техника алғысы келетін адамға мемлекет зор қолдау көрсетеді. Мысалы көлік бағасының 25 пайызын субсидиялайды, яғни төрттен бір бөлігін өтейді, бұл тамаша жәрдем, тағы пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін де субсидиялайды. Оны былай түсіндіруге болады. Егер қандай да бір шаруа «ҚазАгроҚаржы» арқылы жылдық 17 пайызбен қаржы алса, оның 10 пайызын мемлекет өтейді. Қажетті техника алу кезінде қолдау жүйесінің көмегі зор.

Міне, жоғарыда айтылған жаңалықтар ауыл шаруашылық саласына енген сандық технологиялардың бір парасы ғана. Жаңа технологиялардың пайдасы мен парқын түсініп, бағалай алатын елдер осы саланы дамытуға барынша күш салуға тырысуда. Халық саны жағынан көш бастап тұрған Қытай мен Үндістанда алдағы уақытта азық-түлік өнімдеріне сұраныстың арта түсетінін болжаған мамандар бұл елдерде ауылшаруашылық технологияларына қажеттілік те артатынын айтады. Осы орайда мұндай сұранысты қамтамасыз ету үшін АҚШ пен Канада секілді елдер ауыл шаруашылығындағы техника нарығына өз өнімдерін ұсынбақ. Қазіргі таңда Еуропада шығарылған бірнеше қызметті қатар атқара алатын тракторларға да сұраныс аса жоғары. Мұндай тракторлардың өзгеден артықшылығы қауіпсіздігінде. Еуропада ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру және фермалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін автоматтандырылған тіркеу жүйесі әзірленген болатын. Айталық, трактор жүргізушісі тракторға  тіркемені  жалғау немесе ағыту үшін орнында отырып-ақ, тетікті басу арқылы жүзеге асырады. 

Жалпы ауыл шаруашылық мамандары мен кәсіпкерлер үшін сандық-виртуалды әлем қалыптасып келеді. Негізі техника дамып, өнім артқан сайын сапа әлісірейтіні белгілі. Қазіргі уақытта ауылшаруашылық технологиясы көш ілгері дамыған елдерде сапалы өнімге деген сұраныс жоғары. Ал біздің елде керісінше, сапалы өнім бар болғанымен, оны шашау шығармай жинап, ұқсатуға келгенде ақсаймыз.
Елімізде ауыл шаруашылығы саласын алға жылжыту үшін алдымен ауыл-шаруашылық техникаларын жаңалау қажеттілігін осыдан біраз уақыт бұрын Парламент Мәжілісінде көтерілген  болатын. Депаутат Шаймардан Нұрымов атап өткендей, еліміздегі ауылшаруашылық техникалық паркі ескірген. Негізінде пайдалану мен жөндеудің техникалық шарттары бойынша тракторлар, комбайндар мен басқа да техникалар 15 жылдан кейін есептен шығарылуы тиіс. Ал біз қолданып жүрген техниканың 60 пайызға жуығының мерзімі өтсе де, қолданыстан шығарылмаған. Ескіріп, тозығы жеткен техниканың қуаты небәрі 40 аттың күшіне тең екен. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, қазіргі кезде АҚШ, Германияда секілді дамыған елдерде 300, 500 аттың күшін құрайтын техникалар жұмыс істейді. 

Ауыл шаруашылығына қажетті машиналар мен жабдықтар паркін уақытында жаңалап отыру үшін отандық агросекторға арналған машиналарды өзіміз құрауымыз керек, ол үшін елімізде машина жасау ісін жандандыру қажет. 

Өткен жылы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров елімізде отандық машина жасау саласын жандандыруға күш салына бастағанын айтқан болатын. Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің Үкімет басшыларының келісіміне сәйкес елімізде К-744 комбайнын құрастыру бойынша келісім бар. Қостанайда – комбайн, Көкшетауда – Камаз құрастыру қарастырылған. Өз елімізде құрастырылатын техникаға 25 пайыз субсидия беріледі. 

Деректерге сенсек, 2018-2019 жылдары Агробизнес бағдарламасы шеңберінде 1690 ауылшаруашылық техникасын сатып алу үшін жалпы сомасы 25 млрд теңгені құрайтын 940 несие берілген. Жылдан-жылға несие алу арқылы техникасын жаңартқысы келетін шаруалар саны көбейіп келеді
Таяуда Қостанай қаласындағы Индустриялық аймақта «Беларусь» және «Кировец» тракторлары өндірісі іске қосылған еді. Еліміздегі ауылшаруашылық техникаларына сұранысты өтеу үшін бұл бастама қолдауға ие болып отыр.
Ірі аграрлық елге айналу үшін отандық ауылшаруашылық машиналарын жасаудың тиімді екені белгілі. Осы орайда еліміздегі «АгромашХолдинг KZ» АҚ ауылшаруашылық техникаларын шығаруда біраз жобаларды іске қосты. Компания Essil астық және жемшөп жинайтын комбайндарды және Lovol тракторын, тырма, дестелегіш, сепкіш және басқа да өнімдер мен қосалқы бөлшектер, сондай-ақ олардың бөлшектерін шығарумен айналысады. 

 Өткен жылы елімізде шығарылған комбайндардың 80 пайызын «АгромашХолдинг KZ»  кәсіпорны құрап шығарған. Алға қойылған жоспар бойынша  кәсіпорын өндіріс көлемін жылына 1000 комбайнға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Қазір Essil 760, 740, 750 және 730 модельдері сатылымға шықты. Былтыр бұл комбайндар толықтай сынақтан өткізіліпті.

Осы компания шығарған ауылшаруашылық машиналарын пайдаланып көрген шаруа қожалықтары техникаларының сапасы шетелдік комбайндардан еш кем емес екенін айтады. Шығысқазақстандық кәсіпкер Ерлан Мұстафаев жаңа техникамен 500 гектар күнбағыс, 300 гектардай бидай орғанын айтады. Ол техниканы «ҚазАгроҚаржы» арқылы несиеге алған. Кәсіпкердің айтуынша, шаруашылықтың қарызы болмаса, тиісті құжаттары түгел болса несие алуда ешқандай қиындық жоқ. Ол құны 38 млн теңгені құрайтын Essil 740 комбайнын алған. Бұл соманың 9 жарым млн теңгесін мемлекет субсидия ретінде қайтарып беріпті. Қалған сомасын ол 7 жыл төлейді және тағы біреуін алу үшін өтініш беріп қойған.
«АгромашХолдинг KZ» ұсынған мүмкіндіктер шаруалар үшін қолайлы. Өйткені ешкімнің қолында көп қаржы бола бермейді. Ал несие шарттары ұтымды болғаны шаруаларға қолайлы. Қазақстанда құрастрылғандықтан алынған техникаға бір жылдық кепілдік беріледі. Бұ¬зылған жағдайда ауыстыратын құрылғылары да уақытылы жеткізіледі дейді мамандар. Мемлекет тарапынан жасалатын мұндай көмек тек елімізде құрастырылған ауылшаруашылық техникаларына қарастырылған. Қазір «Агромашхолдинг KZ» АҚ қызметі Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан мен Ресейге де өнімдерін экспорттауға ниетті.

 Айнұр Нұрсабет

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста