Шаһизада жігітім деп таныстырған азаматтың әйелі өз шындығын айтты
Биылғы жылы отандық әнші Шаһизада көпшілікке жігітім деп таныстырған азамат Ерболат Ержанбаев кеше мұның бәрі хайп екенін айтқан болатын. Жас әншінің жұбайы Мереке "Астарлы ақиқат" бағдарламасында өз шындығын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
"Мен білім саласында жұмыс істеймін. Ағылшын пәнінің мұғалімімін және психолог болып қызмет атқарамын. Желіні шулатқан оқиғаны жолдасымның өзінен білдім. "Сен жақсы түсін, түсінбей қалма" деп алдын ала өзі айтты.
Алланың берген үш ұлын тәрбиелеп отырмыз.Үлкеніміз биыл мүшел жасқа кіреді. Екіншісі 12 жаста, кішісі 7 жаста.
Бір аптадан кейін ұлым әлеуметтік желіге тараған хайп суретті әкеліп, "Мынау біздің әкеміз бе" деп сұрапты. Балалардың жүрегі басқаша болады. "Сенің әкең бе" деп сұраған ғой баламнан. Сол кезде қатты ренжігенім бар.
Әкесі күнде үйде болғаннан кейін, балалар қатты қабылдамады. Үлкен ұлдың не болса да, ішінде болды. Арасында "Анашым, сенде бәрі дұрыс па" деп сұрап қояды", - деп жан сырын ақтарды әншінің жұбайы.
Сонымен қатар Ерболат Ержанбаевтың жұбайы әнші Шаһизаданы да жақсы танитынын атап өтті.
"Ерболат Шаһизада әпкені үш жыл бұрын таныстырған. Ол әпкені жақсы танимыз. Мен негізі адам баласы туралы жаман ойламаймын. Ол кісіні қалай бар, солай қабылдадым", - деді Ерболат Ержанбаевтың жұбайы Мереке.
Айта кетейік, отандық әнші Шаһизада отандық бағдарламаның бірінде төртінші жігітін көпшілікке таныстырған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, кейінірек әнші Шаһизада 18 жас кіші жігітпен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтты. Ал осы оқиғадан соң Ерболат Ержанбаев "Астарлы ақиқат" бағдарламасында өз шындығын жайып салды.