Миллиардтан асты: Қоянбаевтың фильмі кассалық рекордын жаңартты

Миллиардтан асты: Қоянбаевтың фильмі кассалық рекордын жаңартты

Кино саласындағы ең табысты продюсерлердің бірі Нұрлан Қоянбаев кезекті жетістігімен мақтанды. Оның "Қазақша бизнес Түркияда" фильмі миллиард теңгеден аса қаражат жинап, кассалық рекордын жаңартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

5 бөлімі жарыққа шыққан фильмнің жалғасы болады. Осылай деп мәлімдеген Қоянбаев қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде көрсетілімнің тоқтап қалғанына қарамастан, фильмнің табысы мол болғанын жеткізді. 

"Жалғасы болады. Себебі "Қазақша бизнес Түркияда" фильмі кассалық жиын бойынша алдыңғы рекордты жаңартты. 1 миллиард 300 миллионнан асып кетті", - деген Қоянбаев келесі бөлім Үндістан елінде түсірілуі мүмкін екенін айтты.

Үндістан демекші, танымал үнді актрисасы Авика Гор Қоянбаевтың I go to school фильміне түсті. Жуырда ол фильмнің тұсаукесеріне қатысу үшін арнайы Алматыға келді. 

"Бұл менің Қазақстанға үшінші рет келуім. Мен үшін өте ыстық өлке. Себебі көрермендер мені сүйеді. Дәл осы елдің үлкен киносына түскеніме мақтанамын. Нұрлан мырзамен және түсірілім командасымен тез тіл табысып кеттік", - деп ағынан жарылды Авика.

Ал Авикамен бірге басты рөлді сомдаған Рамазан Амантай гонорарының өскенін растады. Ол Қоянбаевтан ұсыныс алған сәтте қандай сезімде болғанын түсіндірді. 

"Өте тамаша әсерде болдым. Қазақстанның алды болып келе жатқан продюсерден мұндай ұсыныс алу кез-келген актердің арманы деп ойлаймын", - деді Амантай.  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста