Адамдардың бірі қалмай өледі – Ерке Есмахан
Ерке Есмахан өзіне қатысты айтылатын жағымсыз пікірлермен қалай күресетінін айтты. Өзінен 12 жасқа кіші жігітке тұрмысқа шығып, сынның астында қалған Ерке Есмахан өзіне қатысты айтылатын жағымсыз пікірлермен қалай күресетінін айтты.
Әнші Ерке Есмахан инста парақшасында оқырманының «Еркежан өзің туралы жаман сөздерді қалай көтересің?» деген сұрағына былай деп жауап берді.
«А зачем оны көтеріп? Жазған адам жазады да ұмытып кетеді, ол адамға менің өмірім емес, бәрібір өз өмірі қызықты, өз өмірі уайым.
Ал, қатты ауыр сөз оқысам, есіме бұл өмірдің жалған екенін, жер бетінде ақырет болып, 1 адам қалмай өлетінімізді есіме аламын. Әркім өз сөзіне өзі Алланың алдында жауап береді ғой деймін де, әрі қарай күліп жарқырап жүре беремін», – деп ойын аяқтады.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда Шымкент қаласында өткен Raimның концерті кезінде Ерке жұбайының киімін үтіктеп, дайындап жатқан фотолары желіде тарап көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген еді.