Тәуелсіздік күні қос балабақша ашылады

Тәуелсіздік күні Қызылжарда қос бірдей балабақша есігін айқара ашпақшы. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, облыста шамамен 9 мыңдай бала сәбилер үйіне кезекте тұр.
Қызылжар қаласы әкімі баспасөз қыз­метінің хабарлауынша, Тәуелсіздік мерекесі бүлдіршіндерге зор қуаныш ала келмек. Алдымен қаладағы Айыртау көше­сінің бойында «Алпамыс» деп аталатын балабақшаның салтанатты ашылу шарасы өтеді. Одан кейін 75 балаға арналған «Балдырған» сәбилер үйі де пайдалануға беріледі. Бұл бұрын Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне тиесілі ғимаратты қайтарып алудың арқасында мүмкін болған. Естеріңізде болса, облыс әкімі Самат Ескендіров кезінде жекешеленіп кеткен 10 балабақшаны қайтаруға уәде берген болатын. Сол уәде жүзеге асырыла бастағандай.
Сондай-ақ мереке күні «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында салынған 75 және 55 пәтерлі баспа­на­лар­дың кілттері иелеріне табыс етілмек. «Береке» ықшамауданында салынған 75 пәтерлі коммуналдық-жалдамалы пәтер­лер жас отбасыларға берілмекші. Ал 55 пәтерлі үйден пәтерлерді Тұрғын үй жинақ банкінің салымшылары алады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста