Тәуелсіздік – тәтті ұғым

Тәуелсіздік – тәтті ұғым

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, әнші:
– Тәуелсіз мемлекет болғанымызға 21 жыл толды. Қарап отырсақ, бұл да аз жыл емес. Осы уақыт аралығында халық талай оқиғаны бастан кешірді. Жақсылығы да болды, жамандықты да көрді. Елдің елдігі сынға түсті. Құдайға шүкір, халық соның бәрін асқан көрегендікпен басынан өткеріп келе жатыр. Бұл игіліктің бәрі – осы Тәуелсіздігіміздің, азаттығымыздың арқасы. Осы тұғырымыз баянды болсын, ел аман болсын. Халқымыздың дені сау болып, мерейі әрқашан үстем, қуаныштары баянды болсын. Тек жақсы күндерде ауызбірлікте бақытты ғұмыр кешейік.

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын:
– Жыл сайын осы Тәуелсіздік мерекесі таяған тұста мен қатты толқимын, үлкен толғаныста боламын. Өйткені бабаларымыз армандап кеткен Тәуелсіздік бізге оңай келе салған жоқ. Соңғы Желтоқсан оқиғасындағы жастардың көтерілісімен орайласып келді. Мұның бәрін біз өз көзімізбен көрдік. Сол үшін біз үшін де, біздің ұрпақ үшін де азаттықтың бұл күні аса қымбат. Жалынды жастардың намысқойлық, өр рухы келер ұрпаққа дарысын. Елінің, жерінің, Тәуелсіздіктің қадірін сезінсе екен деп ойлаймын жас ұрпақ. Сол жолда олардың сауатты, саналы болғанын, елдің тыныш  және барлық салада әділеттіліктің болғанын көргіміз келеді. Біз саны аз ұлттың ұрпағымыз. Сондықтан да ұрпағымыздың саналы, өр рухты болып өскенін көргіміз келеді. Іс басындағы азаматтардың елім дейтін жанашыр, салауатты, көзі қарақты болғанын тілейміз. 

Әшірбек СЫҒАЙ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сыншы:
– Біреудің қыспағында отырғаннан гөрі, еркін жүргенге не жетсін! Біз бұл үшін өте қуаныштымыз. Бұл айтулы күннің мән-маңызын біз 20 жыл бойы айтып келе жатырмыз. Сол қуаныш – қуаныш, сол ой әлі сол қалпында. Тек енді осы кең ұғымның салмағын шашып-төкпей, келешек ұрпаққа аманат ету – бізге парыз. Ал сол ұрпаққа осы қастерлі ұғым дарып, олар да соны көзінің қарашығындай сақтап, қорғай алса, біздің тілектің орындалғаны – осы. Еліміз аман, еңсесі биік болсын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста