Әскери құрылыс батальондарын қайта құру тиімді ме?

Әскери құрылыс батальондарын қайта құру тиімді ме?

Кеңес өкіметінің тұсында әскер саласында арнайы «стройбат» деген әскери құрылыс батальондары болатын. Олар ТМД аумағындағы тұрғын үй т.б. құрылыс нысандарын салуға кәдімгідей атсалысып, әскери сарбаздардың 30 пайызы осы салаға жұмылдырылатын. Тіпті еліміздегі Балқаш, Қапшағай, Байқоңыр, Курчатов қалалары да осы әскери сарбаздардың көмегімен бой көтерді десек, артық айтқандық емес. Ресейдегі көптеген құрылыстар да әскери құрылыс батальондарының арқасында салынды. Алайда Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін «стройбаттар» да өз жұмысын тоқтатты. Қазір, шүкір деп айтайық, Тәуелсіздігімізді алып, етек-жеңімізді жинап, еліміздің әлеуеті жоғарылап келеді. Осы ретте бүгінде әскери құрылыс батальондарын қайта құратын уақыт жеткен жоқ па? Бұл төңіректе мамандар не дейді екен?..
Өткенде ғана Парламент Мәжілісінің жал­пы отырысында депутат Бақытжан Ер­таев Үкімет басшысы Серік Ахметовтің аты­на депутаттық сауал жолдаған болатын. Он­да былай делінген: «Менің депутаттық сауал жолдауыма мынадай мәселе себепші бо­лып отыр. Қазіргі заманда жастардың көбі дене бітімдерінің жетілмеуіне қатысты жә­не тиісті білімдерінің болмауына бай­ла­ныс­ты, сонымен бірге басқа да се­беп­тер­мен әскер қатарына алынбайтындығы бә­рімізге аян. Отан алдындағы азаматтық бо­рышын өтеуге шақырылған жас­та­ры­мыз­дың арасында әскер қатарына жа­ра­май­тындардың саны жыл өткен сайын ар­тып келеді. Осыған орай, қазіргі уақытта әс­кери құрылыс бөлімдерін қайта құру қа­жеттігі туындап отыр. Әсіресе шалғай жер­лердегі аудандар мен ауылдардағы жас­тарымыздың әскер қатарына алынбауы жұ­мыссыздықтың көбеюіне, жастар ара­сында қылмыстың өсуіне әкеліп соғуда. Жұ­мыс істейін десе, белгілі бір мамандығы, оған қоса әскери билеті жоқ жастардың ал­дынан жұмысқа орналасар кезде көп­те­ген қиындықтар туындауда. Ауқымы зор мұндай проблеманы мемлекеттік деңгейде ойластырып шешетін кез жетті. Жоғарыда ай­тылған проблеманың алдын алу мақ­са­тын­да ҚР бұрынғы кеңес әскерінің тә­жі­ри­бесін енгізу қажет. Атап айтқанда, Кеңес Ода­ғы кезінде әскерге шақырылатын жас­тар­дың арасында да осындай жетіс­пеу­шіліктер болғанын жақсы білесіз. Ал сол кез­де оларды Отанды қорғаудан алыс­тат­қан жоқ, керісінше, құрылыс батальон­да­рына жіберіп, әскери өмір мектебінен өт­кізіп, өмірден өз орындарын табуға кө­мектескеніне куә болдық. Енді неге осы­ны қайтадан қолға алмасқа?..»
Қарап тұрсаңыз, бұл, шынында да, ой­ланарлық жағдай. Өзінің әріптесін депутат Шалатай Мырзахметов те қолдап отыр. 
Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, Мәжіліс депутаты:
– Мен, негізі, құрылысшымын. Сон­дық­тан құрылыс саласын жан­дан­ды­райық, жақсы жағынан өзгеріс ен­гізейік десе, мен оған үнемі қолдау біл­діріп отырамын. Қазір бізге әскери құ­рылыс батальондары өте қажет. Өйт­кені басқаны айтпай-ақ, қорғаныс са­ласының өзінде істелінуі тиісті құ­ры­лыс­тар жетіп, артылады. Әскери өндіріс орын­дарын, тұрғын үйлер салу үшін олардың өзінің құрылысшы отрядтары, яғ­ни құрылыс армиясының болғаны өте орынды. Бұл ретте құрылысшы ма­ман­дарын даярлайтын колледж, учи­ли­щелерге зерттеу жүргізіп, мо­ни­то­ринг жасап, одан белгілі бір ма­­мандықты бітіріп шыққан жас тү­лектерді әскерге тартуымыз қажет. Оны қа­зіргідей тізім жасап қойып, жас сар­баздардың барлығын жаппай құ­ры­лысқа салып қоюдың керегі жоқ. Әрбір өңір­дегі қорғаныс істері бөлімдерінің қызметкерлері кәсіптік-техникалық оқу мекемелеріне барып, құрылыс саласын бітірген жас мамандарды «строй­бат­тарға» жіберіп отыруы тиіс. Мұны ке­шен­ді түрде шешкеніміз жөн. Қазір кей­біреулер денсаулығы нашар, әс­керге жарамсыз азаматтарды әскери құ­рылыс батальондарына тарту керек деп мәселе көтеріп жүр. Бұл дұрыс емес. Оған да нағыз әскери тәртіпке мо­йынсұна алатын, қиындыққа төзімді, ден­саулығы мықты жігіттерді тарту керек. Осылайша оларды әскери құ­рам­ға өтті деп есептеген дұрыс. Әскери ба­тальондардың тәртібі әскери құ­рам­мен бірдей болып, бірақ олар өз­де­рінің мамандықтарына сәйкес жұ­мыс істеуі тиіс. Бұл жерде, ең бастысы, олар­­дың құрылыста жұмыс істегені үшін өздеріне лайықты құрылыс нор­ма­­тивіне сәйкес, жалақыларын тө­леуі­міз қажет. 

Болат САЙЛАН, Ауған соғысының ардагері:
– Әрине, кезінде кеңес үкіметі әскери сарбаздардың күшін әлеуметтік мәселелерге тиімді пайдалана білді. Тұр­ғын үй салуға, тағы басқа құрылыс­тар­­дың бой көтеруіне сарбаздардың сеп­тігі молынан тиді. Енді оны Тәуелсіз елі­мізде қайтадан қолға алу үшін ар­найы бағдарлама жасап, әскери құ­ры­лыс батальондарына арналған комитет не­месе басқармалар ашу қажет. Кеңес үкіметі кезінде тиімді болған жұмыс­тар­ды неге Тәуелсіздік алған тұсымызда қайтадан пайдаланбасқа?! Әрі-беріден соң, бұл әскери салаға да, мемлекетке де үлкен пайда келтірер еді. Қалай дей­сіз ғой? Бүгінде тұрғын үй салумен құ­рылыс компаниялары айналысып жа­тыр. Алайда көптеген құрылыс ком­паниялары өздерінің жұмысын уа­қы­тында орындай алмай, халықтың сенімінен шығып қалды. Әрі олардың салған үйлерінің бағасы тым қымбат, сапасы да нашар. Осы ретте егер біз тендер өткізу арқылы жеке ком­па­ния­лар­ға берген ақшаны әскери құрылыс ба­тальондарына аударатын болсақ, онда қатаң тәртіптің арқасында тұрғын үйлерді сапалы әрі дер кезінде бітіруге мүм­кіндік алар едік. Сондықтан бұ­рынғы бар механизмнің бойына қай­та­дан қан жүгіртіп, қазіргі заманға ла­йық­тап жасай білуіміз қажет. Осы ар­қылы әскердің материалдық-тех­ни­ка­лық базасын нығайтуға әрі халықты ар­зан баспанамен қамтамасыз етуге болады.

Жасыратыны жоқ, бүгінде әскери са­ла­да әлімжеттік тыйылмай келеді. Жастар не іс­терін білмей, біріне-бірі күш көрсетуде. Тіп­ті өлім де көбейіп жатыр. Осы ретте әс­кер­дегі жастарға жұмыс тауып берсек, бұл әл­деқайда тиімді болмай ма?! Әрі сар­баздар да әскерге барып келгеннен кейін құ­рылыс саласының дайын маманы болып шы­ғады. Кезінде әскери құрылыс ба­тальон­дарында жұмыс істеген сарбаздар үйіне қайтқанда кәдімгідей қомақты ақшамен шығатын. Егер біз әскери құрылыс батальондарын құрып, оларға қаржы төлеу мәселесін жолға қойсақ, онда жастар да әскерден қашуды емес, қайта әскерге баруға асығар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста