Жыл сайын қайталанатын мектептердің жаңа оқу жылына дайын болмай қалу фактілерін қалай тыюға болады?

Жыл сайын қайталанатын мектептердің жаңа оқу жылына дайын болмай қалу фактілерін қалай тыюға болады?


Әдібай ТАБЫЛДЫ, педагогика ғылымының докторы, профессор:
– Біз Кеңес үкіметі кезінде білім саласында біраз жыл еңбек еттік. Мектеп директоры, аудандық оқу бөлімінің бастығы қызметтерін атқар­дық. Бірақ қазір ол кез бен бұл уақытты салыстыруға мүлдем келмейді. Ол кезде тәртіп қатаң болатын. Ал қазір ше? Облыстық білім басқар­ма­ла­ры барлық мектеп жаңа оқу жылына толық дайын дейді де, артынан қан­шама мектептің оқу жылына мүлдем дайын еместігі аңғары­лып тұрады. Демек, олар жалған ақпарат таратады деген сөз. Ал оны бақылап отырған ешкім жоқ. Кезінде мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын үнемі қадағалап отыратын арнайы мектеп инспекторларын да қысқартып тастадық. Осының салдарынан жалпы білім саласына жауапсыз қараған­ның кесірінен түрлі келеңсіздіктерге тап болып отыр­мыз. Сондықтан мұны тыю үшін ең бірінші Білім министрлігі бақылауды күшейтуі керек. Жалған ақпарат таратқан білім басқармаларына тәртіптік жаза қолдануы тиіс. Алайда бізде министрлер де жиі ауысады. Әрқай­сы­сы келе сала, өзінше реформа жүргізеді. Осылайша, білім саласын әб­ден тұралатып алдық. Енді білім саласында біраз жыл қызмет еткен қазір­гі министр мұның барлығын бірте-бірте ретке келтіреді деген ойдамын.

Аягүл МИРАЗОВА, Қазақстанның Еңбек Ері, Алматы қалалық мектеп директорлары кеңесінің төрайымы:
– Қазір тендермен жұмыс істеу өте қиын. Мемлекеттік сатып алу жүйесі бізде дұрыс жолға қойылмаған. Тендерді кім болса, сол ұтып алып, білгенін істеп жатыр. Мектептің ірі құрылысы тұрмақ, қара­пайым сенбілікке киетін қолғап, сабын, ұнтақ, еден жуатын шүберекке дейін тендер өткіземіз. Ал оны ұтып алатын кәсіпкердің мүмкіндігін, қабілетін ескермейміз. Әйтеуір, ең арзанын таңдап аламыз. Одан кейін сапа туралы не айтуға болады?! Осының қиындығын әлі күнге дейін көріп келеміз. Тамыз айында барлық өңірдің білім басқармалары «біз жаңа оқу жылына сақадай сай тұрмыз» деп есеп берді. Алайда жаңа оқу жылына дайын емес мектептер де бар екендігін ақпарат құралдары көтеріп отыр. Бұл, әрине, жергілікті жердегі басшылардың жауапсыздығынан деп айтар едім. Себебі бұған тендерді ұтып алған кәсіпкерлерді ғана кінәлау дұрыс емес. Жергілікті құрылыс, білім басқармалары, әкімдіктер оны уақытында қадағалап отыруы тиіс еді. Мұны ретке келтіру үшін жергілікті әкімдік тендерге қатысатын кәсіпкерлерге талапты күшейтіп, қадағалауды нығайтуы тиіс.

Амангелді МОМЫШЕВ, Мәжіліс депутаты:
– Мұны тыю үшін мемлекеттік сатып алу жүйесін қалыпқа келтіруіміз қажет. Себебі мектептердің жаңа оқу жылына дайын болмауына тендерлер тікелей кері әсер етіп отыр. Олар уақытында жүргізілмейді, не болмаса тендерді өткізген кезде тамыр-таныстық орын алып, құрылыс аяғына дейін бітпей қалып жатады. Сондықтан бұл жерде тендерді өткізуге министрлікті араластырудың керегі жоқ. Оны түбегейлі облыстық әкімдіктерге беруіміз қажет. Сонда ертеңгі күні ши шықса, сұрау салу бір мекемеден ғана болады. Әйтпесе қазір облыс — министрлікті, министрлік облысты кінәлаумен өтіп жатыр. Бұл жалғыз білім саласында болып отырған келеңсіздік емес, басқа министрліктерде де тендер төңірегінде дау көп. Сондықтан мен тендердің барлық жұмысымен жергілікті әкімдіктер ғана айналысуын ұсынар едім.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста