«ЖОО-ларды бітіргендер бес жыл мамандығы бойынша жұмыс істемесе, дипломның күшін жою керек» деген пікірмен келісесіз бе?

«ЖОО-ларды бітіргендер бес жыл мамандығы бойынша жұмыс істемесе, дипломның күшін жою керек» деген пікірмен келісесіз бе?


Асхат Бекенов, Мәжіліс депутаты:
– Бұл – адамның құқығын шектегендік болар еді. Мен мұндай пікірге қарсымын. Қазақстандағы ЖОО-лар беріп жатқан білімнің негізінен аясы кең. Мәселен, экономист мамандығынан диплом алып, ауыл шаруашылығында немесе жеке бір компанияда да жұмыс істеуге болады. «ЖОО-ларды бітіргендер бес жыл өз мамандығы бойынша жұмыс істемеді» екен деп дипломының күшін жою туралы әңгіме көтермес бұрын, біз ең алдымен, еліміздің білім беру жүйесіне тың өзгерістер енгізуіміз керек, яғни ЖОО-ның дипломын алғандардың нақты бір мамандық бойынша ғана білім алып шығатын жүйені айтып отырмын. Сонымен қатар қазір елімізде жұмыссыздық мәселесі онсыз да түйінді түйткілге айналып отырғанда, «тек өз мамандығың бойынша жұмыс істе» деп талап қойғанымыз ақылға қонымсыз нәрсе.

Рахметқажы Берсімбай, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің профессоры, Ұлттық Ғылым академия­сы­ның академигі:
– Ең алдымен, ЖОО-да бірнеше жыл бойы оқып, соның жемісі ретінде диплом алып шығып жатқан кейбір жастарымыздың басқа салаға кетуінің себебі неде, соған үңіліп көрейікші. Себебі жағдай жасалынбай отыр. Қанша жастарымыздың дипломдары жұмыссыздықтың салдарынан жарамсыз болып қалуда. Ол аздай енді «ескіріп қалды» деп дипломынан айырсақ дұрыс па? Ерте ме, кеш пе, өз мамандығы бойынша жұмыс істеудің сәті түсіп жатқанда дипломның күші жойылса қалай болмақ. Мұндай пікір «білім алып шығысымен мамандығы бойынша жұмыс істемегендіктен, жылдар өте ЖОО-да оқыған-тоқығаны ұмытылып, білім-біліктілігі төмендей бастайды» деген ойдан туындаса керек. Оған да келіспес едім. Білім мүлде ұмытылып қалмайды. Тек жұмысқа тұрарда біраз ізденіп алса болды.

Құлбек Ергөбек, Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті:
– Мұндай пікірге қосыламын. Егер кез келген маман иесі диплом алғаннан кейін бес жыл өз саласы бойынша жұмыс істемесе, оны дипломынан айыру керек. Мәселен, дәрігер немесе мұғалімдерді алайық, олар өз саласына араға жылдар салып келсе, одан қандай дәрігер не ұстаз шығады? Қазір жаһандану заманы. Кез келген салаға уақыт өткен сайын тың жаңалықтар енгізілуде. Солардан тыс қалдың ба, дағдарысқа ұшырайсың. Тек білім мен тәжірибені үзіліссіз қатар алып жүрген адамнан ғана білімді-білікті, қарым-қабілеті жоғары маман шықпақ. Ал біздің ел – мойындау керек, осын­дай мамандарға зәру. Баспаханашы сияқты мамандарды шы­ғарып жатырмыз, шығарып жатырмыз. Ал солардың арасында дип­лом­ды сандыққа тастап, басқа салаға кетіп жатқандары аз емес. Ра­сы­мен де, осы мәселені мемлекеттік тұрғыда шешетін кез жетті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста