Ұлттық танымға негізделген балаларға арналған мемлекеттік сайттар ашуға не кедергі?

Ұлттық танымға негізделген балаларға арналған мемлекеттік сайттар ашуға не кедергі?


Рамазан ЖАШИЕВ, компьютерлік интерактивті бағдарламалар жасаушы:
– Мен біраз жылдан бері қазақ баласының дүниетанымына ың­ғай­лы компьютерлік бағдарламалар жасаумен шұғылданып келемін. Қазір менің қолымда «Ақ отау – отбасы – мәдениеттің мектебі» деген тақырып төңірегінде төрт мың сағаттық материал дайын тұр. Бұл дүниелер балалардың жас ерекшелігіне сай жеке-жеке ірікте­ліп жа­сал­ған. Аталған бағдарламалардың кейбір бөлімдерін жеке­ле­ген мектеп, балабақшалар арнайы сұратып алып, қосымша оқу-әдістемелік құрал ретінде де пайдаланып жүр. Алайда осындай дү­ниелердің басын біріктіріп, сайттарға орналастыру жағында көптеген тосқауылдар бо­лып отырғаны рас. Себебі балаларға арналған қазіргі сайттарды әркім өз білгенінше жасай береді. Интернет кеңістігінде белгілі бір ұлт­тық танымға негізделген жүйе болмағандықтан, қазақ баласы өз­генің жылтырағына қызығатыны жасырын емес. Қалай болған күн­де де, ертеңгі болашағымыз – балаларға арналатын сайттардың іске қо­сылуын мемлекет тікелей өзі қолға алуы керек сияқты.

Жанар ШӘМЕЛ, «Балапан» телеарнасының жетекшісі:
– Кез келген мемлекет өзінің болашағын қамтамасыз етуі үшін, ең біріншіден, жас ұрпағының қамын ойлауға міндетті. Бұл бағытта біздің елімізде түрлі бағыттағы жобалар жүзеге асырылып келеді. Мысалы, таза қазақ тілінде хабар тарататын «Бала­пан» телеарнасының ашылуы – қазақ қоғамында үлкен сер­піліс тудырды. Қазір бұл арнаны ғаламтор арқылы «он-лайын» сипатында көруге мүмкіндік бар. Сонымен қатар жеке сайты да жұмыс істейді. Бұл тек арнаның интернеттегі нұсқасы ғана емес, алдағы уақытта балаларға арналған сайт ретінде де аясын кеңейте түспек. Десек те, Қазақстанда жалпы алғанда, балаларға арналған жан-жақты жақсы ой­лас­тырған сайт жоқ­тың қасы. Мысалы, көптеген дамыған елдерде балаларға ар­нал­ған жүздеген сайттар іске қосылған. Олар­дың әрқайсысы бел­гілі бір сала бойынша жеке-жеке та­қы­рыптарды қамтиды. Біз де осыған келуіміз керек. Бірақ бұл жер­де міндетті түрде мем­лекеттің қолдауы қажет.

Бағдат МӘЖИТҰЛЫ, «Ұлан» газеті бас ре­дак­торының орын­ба­сары, балалар жазушысы:
– Әлем елдерінде интернет ресурстарын игеру қарқынды жүргізіліп келеді. Бұл жа­ғынан біз ұяттымыз. Әсіресе орыстілді интернет кеңістігінде балалар мен жасөспірімдерге бағытталған сайттар өте көп. Бірақ ол маз­мұн жағынан, идеологиялық тұрғыдан қазақ баласының санасына қалай әсер етіп жүр? Ол жағына ешкім бас ауыртпайды. Бізде балаларға арналған бірнеше басылымды біріктірген «Жас өркен» серіктестігі сайтының өзі был­тыр ғана ашылды. Қазіргі уақытта балаларға арналған қазақтілді басылымдар таралым жағынан да, қаржы тұрғысынан да біршама қиын­дықтарды бастан өткеріп отыр. Бұл мәселенің оң шешімін таппай тұрып, балаларға арналған сайттарды іске қосып, соның жұмысын жандандырамыз деуіміз қисынды бола қояр ма екен?! Себебі ойға алған жоба-жоспардың бәрі қаржыға келіп тіреледі. Бұл ретте мем­лекет қолдау көрсетіп, білікті мамандар тартылып, арнайы бағ­дар­лама жасалуы керек. Сонда ғана барып, іс алға баспақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста