Төтеншеліктерді заманауи техникамен жарақтандыратын және қосымша құзыретпен қамтамасыз ететін уақыт жеткен жоқ па?

Төтеншеліктерді заманауи техникамен жарақтандыратын және қосымша құзыретпен қамтамасыз ететін уақыт жеткен жоқ па?


Светлана ЖАЛМАҒАМБЕТОВА, Сенат депутаты:
– Төтеншеліктер төтенше оқиға кезінде тез арада көмек көр­се­тетін бірден-бір қызмет иелері болғандықтан, техникалық құрал-жаб­дықтары талапқа сай болуы керек. Мәселен, Ресейдің төтенше жағ­дайлар жөніндегі министрі төтенше оқиға кезіндегі ұйымдастыру қа­білеті мен төтенше жағдайдың алдын ала білгені үшін Халық қаһарманы атағын алды. Олар ондай нәтижеге заманауи техникалық құрал-жабдықтарының арқасында жетіп отыр. Ал біздің төтен­ше­лік­тер заманауи құрал-жабдықтары болмағаннан кейде төтенше жағ­дайдың құрбаны да болып жатады. Сондықтан оларды тез ара­да жарақтандырмасақ, аяқастынан туындаған төтенше жағдайдан ке­лер қауіп-қатер көлемі арта береді. Биылдың өзінде тасқын судан бірнеше аймағымыз зардап шекті. Осындай жағдайларда сапалы кө­мек көрсетуге техниканың жеткіліксіздігі қолбайлау болып жа­та­ды. Сондықтан алдағы уақытта Төтенше жағдайлар жөніндегі ми­нистрлік басшысы төтеншеліктердің қызмет сапасын арттыру үшін за­манауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету туралы Үкіметтің ал­дына нақты ұсыныстармен шығуы керек.

Балташ ТҰРСЫМБАЕВ, қоғам қайраткері:
– Төтеншеліктерді заманауи техникалық құрал-жабдықтармен жабдықтаудың қажеттілігі әлде­қа­шан туды. Мәселен, бүгінде Астанада 50 қа­батты үйлер бой көтеруде. Өрт шыға қалса, төтеншеліктер тиісті көмек көрсете де алмайды. Өйткені қайбір жылы биік бір ғимаратымыз өртенгенде төтен­ше­ліктердің төменде тұрып алып, жеткен жеріне дейін ғана су шашып тұра берген әрекетінің куәсі болдық. Біз елімізде биік ғимараттар бой көтере бас­таған кезден бастап, төтенше жағдайдың алдын алу жайлы ойлануымыз керек еді. Тағы бір айта кетер жайт, төтеншеліктер кез келген құрылыс ны­саны басталмай тұрып нысанның қаншалықты қа­уіп­сіздігі туралы келісім беруі керек. Біз төтен­ше­ліктерге осындай құзырет беруіміз қажет. Сонда ға­на төтенше жағдайдың алдын алдық деп айта ала­мыз.

Ақмырза РҮСТЕМБЕКОВ, ҚР Сәулетшілер одағының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы:
– Кез келген ғимарат, нысанды салар алдында бас жобада жер комитеті мен төтеншеліктердің, экология, су, санитарлық комитеттердің келісімі болуы керек. Бүгінде елімізде бұл қағиданың сақталмағанының зиянын көріп отырмыз. Егер тез арада жағдайды қалыпқа келтірмесек, төтенше жағдайлардың зардабы арта береді. Мәселен, кез келген ауылдың жанында су тасқыны кезінде суды ағызып әкететін суағарлар болуы керек. Және ол бас жобада көрініс табуы тиіс. Алайда суағарлар бүгінгі күні ауыл түгілі, қалаларда да жоқ. Осының салдарынан қала маңында жоспарсыз орналасқан елді мекендерді су басу оқиғасы жиілеп кетті. Оны талап ететіндей бас жоспар кезінде төтеншеліктердің шешімі де есепке алынбаған. Сондықтан алдағы уақытта кез келген құрылыс нысанын жүргізер алдында төтеншеліктердің келісімі болуы керек. Барлық құрылыс нысанының бас жобасына тікелей араласа алатындай төтеншеліктерге құзырет беру қажет. Әйтпесе, бүгінгі таңда құрылыстар беталды жүргізіле беретін болды. Ал оқыс жағдай орын ала қалса, зардабын төтеншеліктер тартады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста