Тарихи маңызы бар ғимараттар мен қасиетті орындардың келбетін қалай сақтап қаламыз?

Тарихи маңызы бар ғимараттар мен қасиетті орындардың келбетін қалай сақтап қаламыз?


Арман Cқабылұлы, телепродюсер:
– Мен болған Еуропа сәулет өнерінде тіпті сонау 5-7 ғасырлардағы тарихтан сыр шертетін ежелгі қалалардың өзіндік ерекшеліктері сақталып қалған. Ал бізде өзінің ескі тарихи архитектурасын сақтап қалған қалалар өкінішке орай өте аз, тіпті жоқ. Алматыда қазір бұрынғыдан тек Никольский базары мен кезінде Д. Қонаев атамыз тұрған, астыңғы қабатында «Қызыл таң» атты дүкені бар үй мен бір-екі ғимараттан басқа ештеңе қалмады. Кезінде Алматы қандай еді, алысқа бармай-ақ өткен ғасырдың 60-70 жылдары студент болған жастардың кездесетін бір орны бар еді.  Ол – «Саяхат» автовокзалындағы сағат. Ол махаббат символындай еді. Талай ақын-жазушылар шығармасында жазылды, соны әй-шайға қарамастан, еш ойланбастан экскаватормен сүрді де тастады. Міне, біздегі тарихқа деген көзқарас қандай?!.
Режиссерлеріміз қазір ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ тарихы жайлы тарихи дүние түсіргісі келсе, қатты қиналады. Себебі елімізде Семей мен Орал қалалары ғана аз да болса тарихи қалпын сақтап қалған. Кезінде құрттық бәрін, мүмкін әлі де кеш емес шығар, арнайы Заң қабылдасақ та қолда бардың сол ерекшеліктерін жоймай, қалпына келтіру керек. Бірақ көп нәрсені жоғалтып алдық, өкінішке орай.


Айдос Қартаңбайұлы, саясаттанушы:
–Қазір бізде Елбасымыздың тапсырмасы және Мемлекеттік Хатшының қолдауымен ұлттық тарихты зерделеу жөнінде үлкен  мемлекеттік комиссия жұмыс бастап кетті. Сол жұмыстың негізгі бір тармағының өзі ұлттық құндылықтарды дәріптеу боп табылады. Осы ретте мен бұл сұраққа екі түрлі көзқарас тұрғысынан қараймын: біріншісі – бұрынғы көне дәуірден қалған тарихи ескерткіштер, жер астынан аршылып алынған көне қалалар, көне қорымдардың сол қалпын сақтай отырып, заманауи технологияның көмегімен жаңғырту керек.  Себебі ол кезде моноұлт болдық, Қазақстан емес, Қазақ елі деп аталды. Сондықтан біз ол кезге тән жәдігерліктердің мұртын бұзбай сақтауға міндеттіміз. Ал енді кешегі Кеңес кезеңінде солақай саясатпен, коммунистік көзқараспен тұрғызылған ғимараттардықазіргі заманға сай өзгерту керек. Себебі әлі күнге дейін кейбір ғимараттар мен тұрғынүйлерде тіпті орақ пен балғаның белгісі тұрғанын кездестіреміз. Вокзалдарда мысалы. Олар кешегі біздің отаршылдық саясатты еске салатын ескінің қалдығы ретінде кешегі кеңестік кезеңді көксейтін азаматтардың кеудесінде ностальгия тудырады. Ондай элементтерден біз құтылмасақ болмайды. Өйткені олар біздің ұлттық тәуелсіздігімізге қайшы келеді, жас ұрпақ біздің ұлттық бағдарымызды түсінбей қалуы мүмкін.


Мақсат Жақау, тарихшы, саясаттанушы:
–Тарихи маңызы бар ғимараттар мен қасиетті орындардың келбетін сақтап қалудағы міндет осы саланың аясындағы Заң негізінде жергілікті өкілетті органдарға, әкімдіктің құзыретінде еді. Алматы бойынша 176 ескерткіш бар, оны қадағалайтын бір бөлім бар қалалық әкімдікте, солардың тапсырмасымен аудандық әкімдіктердің жауапкершіліктеріне тазалап, абаттандырып, зақым келмеуіне қадағалауына алады. Бірақ, қалалық бағдарламалар әсіресе құрылыс өтетін жоспарларына сәйкес ескі ғимараттар "сносқа" кетуі мүмкін, немесе жекеменшікке өтіп, кеңселік, сауда үйіне айналып кетуде. Сондай жағдайда сыртқы алғашқы келбеті өзгеріске ұшаруда. Көбіне меншік иелері тиісті органдарға алдына ала рұқсат сұрауға, не ескертуге асықпайды. Және соны қадағалап тұратын қалалық инспекция да жоқ, бір ғана үш адамнан тұратын мамандардың қолдары қысқа. Кезінде осы бағытта арнайы инспекция құру туралы идеялар болған. Бірақ аяқсыз қалды. екіншіден қасиетті орындардың, ескі ғңимараттардың сыртқы келбетін қалпына келтіру ісі «Мәдени мұра» бағдарламасымен жүзеге асырылатын. Қазір нарық өз дегенін істеп жатыр. Заң тұрмақ оның бар екендігін де білмей, коммерциялық мүдделерді көздеп тарихи маңызы бар ғимараттарды қытайдың жылтыр, сапасыз дүниелерімен қаптап, безендіріп фасадтардың тұрпын жоғалтып жатырмыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста