Соғыста хабар-ошарсыз кеткендерді іздестірудің қазақстандық жүйесі неге жоқ?

Соғыста хабар-ошарсыз кеткендерді іздестірудің қазақстандық жүйесі неге жоқ?


Қайдар АЛДАЖҰМАНОВ, тарих ғылымының кандидаты, Ш.Уә­лихан­ов атындағы тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері:
– Сұрапыл соғыста шейіт болған ардагер аталарымызды іздестіру жүйесінің жоқтығының себебі, біріншіден, Тәуелсіздік алған соң күн тәртібіне басқа мәселелер шықты. Ақтаңдақтар тарихы, 30-жылдарды ашаршылық тарихы кеңінен зерделеніп, Ұлы Отан соғысының тарихы көлеңкеде қалған сияқты. ҰОС-ы «біздің соғыс емес, өзге империяны қорғағансыңдар» дейтіндер шықты. Соның салдарынан соғыс тарихын жете бағаламадық. Ал Ресейдің патриоттары Санкт-Петербор қаласы маңайында, Смоленск облысында, Украинаның Харьков маңындағы соғыс қимылдары болған жерлерде көптеген іздеу отрядтары жұмыс істейді. Қазақстандық соғыс ардагерлерінің сүйектері тауып алынып, елге жеткізіліп жатыр. Украинаның іздеуші отрядтары соғыс кезінде ақмолалық №106  қазақ ұлттық атты әскер дивизиясының жаумен жанқиярлық ұрыстарға қатысқан сарбаздары туралы деректер жинап, Қазақстанмен байланысқа шығып, осындай үлкен бастама көтеріп жүр. Осындай игі істерге, ең алдымен, жергілікті әкімдіктер, қорғаныс саласындағы қызметкерлер ұйытқы болуы керек деп ойлаймын. Әскери- патриоттық тәрбиені жандандыру мақсатында соғыста хабар-ошарсыз кеткен аталарымызды іздестіру оқушылардың, жастардың, «Нұр Отан» партиясының, «Жас Отан» жастар қанатының атқаратын міндеті деп ойлаймын.

Еркебұлан БАҚАБАЕВ, «Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің жеке құрам бойынша Талдықорған филиалының директоры:
– Бізде Ресейдегідей соғыста хабар-ошар­сыз кеткен боздақтарды іздестіру жайы мұрағат тарапынан жүйеленбеген. Ондай ақ­па­­раттар көбінесе әскери комиссариаттың мұрағат­та­рында, әскери прокуратураның мұрағатта­рында болады. Біз келген сұра­­­ным­­дар­­ды осы аталған мекемелерге хат ар­қылы жолдаймыз. Дегенмен ондай сұранымдар жылына екі-үшеу ғана түсіп жатады. Қазіргі электрондық техно­ло­гия  дамыған заманда мекеме сайттарында 1941-1945 жылдар ара­лығында әскер қата­рына алынған аза­маттардың тізімдері, Отан үшін, ұрпағы үшін шейіт болған ардагер ата­ла­рымыз туралы қол­да бар мәліметтер элек­трон­дық нұсқада шы­ғарылып отырса, іздеушілерге де, зерт­теуші мамандарға да жеңіл болар еді. Бұл – баршамыздың перзенттік парызымыз. 

Тимур ЖҰМАНОВ, Д.Қонаев мұражайының директоры:
– Бірінші кезекте бұл Ұлы Жеңіс ұрпақты тәрбиелеудің зор құралы екенін ұмыт­пауымыз қажет. Бүгінгі күні оқушылар мен студенттер ол туралы кітаптан оқи­ды, ардагерлермен кездесіп, әсер алады. Ал ертеңгі ұрпақ ол ерліктерді тек кітаптардан ғана оқитын болады. Оның үстіне, кітаптардағы Ұлы Отан соғы­сы туралы деректердің аздығын қосыңыз. Ал ертеңгі ұрпақ не істейді? Сон­дық­тан сондай іздестіру жұмыстарына жасөспірімдерді тарту арқылы практикалық түр­де жүзеге асырылуы тиіс. Осы ретте бірыңғай мәліметтер орталығының құ­рыл­ғаны өте пайдалы. Сол арқылы соғыста қаза болған, жоғалып кеткен туыс­тары туралы ақпарат алуға, олардың ерліктерін насихаттауға зор мүмкіндік туа­ды. Бұл бағыт көрші Ресейде жақсы жолға қойылған. Бұған Ресейдегі «Ме­мориал» ұйымы дәлел. Олардың соғыста қаза болған, із-түссіз кеткен адамдар тура­лы мәліметтерді Қорғаныс министрлігі арқылы ғаламтор мүмкіндіктерін пай­даланып, мәліметтер базасына енгізе бастағанына он шақты жыл болды. Бұл мәселе тарих үшін, келер ұрпақ үшін маңызды саналады. Мұндай жүйені қалып­тастыру бүгінгі күннің үлесінде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста