Салық кодексінің жаңа концепциясы қандай мәселелерді қамтуы тиіс?

Салық кодексінің жаңа концепциясы қандай мәселелерді қамтуы тиіс?


Тоқтамыс МЕНДЕБАЕВ, техника ғылымының докторы, профессор:
– Меніңше, Салық кодексіне жаңа концепция енгізілсе, ғылым саласына қатысты біраз жайттарды қамту керек. Мәселен, бізде қазірде ғылым саласында жаңа өндірістік технологиялар мен жаңа өнімдер шығаратын құрал-жабдықтар шығарылып жатыр. Осы іспетті шараларды кем дегенде үш жылға дейін салықтан босатқан абзал. Егер біз болашақта ел экономикасын инновацияға бейім­дейміз десек, бұл ұсынысты міндетті түрде жаңа концеп­цияға енгізуге тиіспіз. Негізінде, өндіріске бағытталған жаңалықтар ашатын ғалымдарға салық салуды белгілі бір уақытқа дейін шектей тұрсақ, онда бізге инновациялық жобаларды іске асыру әлдеқайда жеңіл әрі тиімді болар еді. Сондықтан өз басым стратегиялық маңызы бар жоба­лармен айналысып, мемлекетке орасан зор пайдасын тигі­зіп жатқан қайсыбір қауымды «салықпен қорқытып-үркі­тудің қажеті жоқ» деп ойлаймын...

Ғани ҚАЛИЕВ, «Ауыл» партиясының төрағасы:
– Өз басым Салық кодексінде отандық өнімді шетелге экспорттайтындарға қатысты жаңа концепция болуы керек деп есептеймін. Себебі қазірде еліміздің мұнайын, астығын, газын шетелге шикі күйінше экс­порт­тап жатқандардың дені салық төлеуде ашық есеп көрсетпейді. Бұл жерде ашықтық жоқ. Халық салықтың төленіп немесе төленбей жатқанынан хабар­сыз. Демек, осы мәселені жаңа концепцияда нақты-нақты етіп көрсету қажет. Жалпы, өнімді экспорттаудан нақты пайда түсуі үшін шетке жіберілетін өнімге деген салық­ты көбейткен абзал. Сонда экспортталатын өнімге бақы­лау да көбейеді, оған белгілі бір шектеу де қойы­лады. Өйткені қазірде қазақтың мұнайы, газы, астығы тым көп мөлшерде шетке ағылып жатыр. Бұл жайтқа қатысты нарықтың заңы өз алдына, салыққа да сауат­тылық керек.

Азат ҚОНЫСБЕКОВ, кәсіпкер:
– Кәсіпкер ретінде айтатын болсам, кәсіпкерлерге салынатын қосымша құн салығы – 10 пайыз, корпоративтік табыс салығы 10 пайыз болса, біз осыған алғыс айтар едік. Өкінішке қарай, бізде кәсіпкерлерге арналған қосымша құн салығы – 12 пайыз, корпоративтік табыс салығы – 20 пайыз. Міне, нақ қазір салыққа қатысты осы мәселе шешілсе, шағын және орта бизнестің «көсегесі көгеретін еді». Сондай-ақ бизнесті жаңа бастағандарға өзіндік жеңілдіктер қарастырылса жөн болар еді. Бұған қоса бизнесте жүріп, капиталсыз қалып қоятындар да болады. Бұл топқа да салыққа қатысты өзіндік бір шаралар қарастырылса деп ойлаймын. Жалпы, шағын және орта бизнесті қолдау оң нәтиже беретіні даусыз. Сондықтан Салық кодексіне жаңа концепция ене қалса, бизнестің әлеуетін арттыру жағы барынша сүзгіден өтсе деймін...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста