Қазіргі қазақ бейнелеу өнерінде тұлға жоқ па, әлде насихаты кем бе?

Қазіргі қазақ бейнелеу өнерінде тұлға жоқ па, әлде насихаты кем бе?


Гүлдария ҚАСТЕЕВА, заңгер:
–  Бейнелеу өнерінде тұлға жоқ дегенмен келісе ал­маймын, ал насихаттың жоғы ақиқат. Әкемнің са­лып кеткен ізімен жүріп, қазақтың бейнелеу өнерін дамытып жатқан қазақтың ірі-ірі суретшілері бар­шылық. Жас буын өкілдері де көп, жыл сайын осы саланың маманы болу үшін әйгілі өнер ордаларына оқуға түсіп жатқан. Көптеген көрме болып тұра­ды. Мен соларға барып, жаңа туындыларды барынша жібермей қарап тұруға тырысамын. Бірақ бір нәрсені айта кетейін, қазір жастар батыстық ағым­да кетіп бара ма, әйтеуір, қазақылық аздай көрінеді маған. Әбілхан Қастеев туындыларының ең басты ерекшелігі сол екенін білесіздер, яғни реализм және натурализм. Қазіргі жас буынның ұста­на­тын­дығы – абстракция. Сол жағын өзім аса ұната қой­май­мын. Біздің бейнелеу өнерінде қазақылықты қайта тірілту керек.


Әбілқасым СӘРСЕНБАЕВ, суретші:
– Сурет өнерінде тұлға бар. Мысалы, өзім Мұстафа Шо­қай жолымен тоғыз мемлекетке барып, көрме ұйымдастырып қайт­тым. Сондай-ақ осы салада қаншама жылдар бойы еңбектеніп келе жатқан Кенжебай Дүйсенбаев деген сурет­шіміз бар. Мықты суретші, «Тарлан» сыйлығының иегері. Сол сияқты Амандос Ақанаев деген ағамыз бар. Осындай адамдар жайлы қоғам аз айтып жатыр, насихаты, шынында да, кем. Біріншіден, бізде сурет, яғни кескіндеме, мүсін өнері, қолөнер жайлы болсын арнайы басылым жоқ. Сол себепті біз әр жерден анда-санда ғана көрініп қаламыз. Суретшілер мен халықтың арасы алшақ жатуы сондықтан. Тағы бір айтатын нәрсе, қазір фотографиядан көшіретін суретшілер көбейіп кетті. Біз оларды фотограф-суретші не компьютер-суретші дейміз. Күнкөріс үшін шығар, түсінуге болады енді. Олар арнайы тапсырысқа жұмыс істеп, нарыққа бейімделіп кетті. Ал шын суреткерлер елеусіз қалып отыр.


Гүлдана САПАРҒАЛИЕВА, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына қарасты мектеп-интернаты мен колледжінің басшысы:
– Қазір кескіндеме өнері дамымай отыр дегенге мен келіспейін. Себебі біздің суретшілеріміздің дәрежесі өте жоғары. Бір ғана мысал келтірсем, мәселен, мен Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының колледжі студенттерін алып, бір-екі жыл бұрын Лондон өнер университетіне бардым. Біздің балалардың суретін көргенде ағылшын университетінің оқытушылары таңғалып: «Біз, расында, кескіндеме өнерінің классикалық бағытын жоғалтып алыппыз, сондықтан біз Шығысқа, яғни мына сіздерден қысқа мерзімге болса да келіп лекция оқып кетуге мұғалімдер шақыртуға мәжбүрміз» деп мойындады. Ол жерге алып барғаным 1-2 курс студенттері еді, солардың туындыларын көріп, әлгіндей ой айтты. Ал, жалпы, бейнелеу өнерінің ең бір үлкен ерекшелігі сол, ол – басқа өнер салалары секілді жарияға жар салмай-ақ, үндемей дами беретін сала. Себебі ол әрдайым өз стилін өзгертіп отыратын эстрада не флешмоб емес. Кескіндеме өзі айғайлауды білмейді, себебі суретші өз жан дүниесін тыныш жерде отырғанда ғана аша алады. Тек оны көретін көз бен түсінетін өре керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста