Қазақстанда декреттік төлем мен балаға берілетін жәрдемақы қалай есептеледі?

Қазақстанда декреттік төлем мен балаға берілетін жәрдемақы қалай есептеледі?

Жүктілік және босану бойынша төленетін жәрдемақы міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы жүзеге асады. Декреттік төлем кімге және қандай мөлшерде төленеді? Оны алудың ұзақтығы мен ерекшеліктері қандай? Бұл туралы "МӘСҚ" АҚ Бас директорының орынбасары Алиса Қайырбекова айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

– Алиса Әбділқызы, аналарды әлеуметтік қолдау жұмыстары туралы толығырақ айтып беріңізші. Балалары бар отбасылар бүгінде қандай әлеуметтік қолдау ала алады? 

– Ана мен баланы әлеуметтік қолдау жүйесі әлеуметтік саясаттың басым бағыты болып саналады. Егер республикалық бюджет есебінен қамтамасыз етілетін бірінші базалық деңгей туралы айтатын болсақ, онда жәрдемақыны келесі бағыттар бойынша топтастыруға болады: 

отбасында бала туғанда төленетін жәрдемақы; 
көпбалалы отбасына көмек ретінде төленетін жәрдемақы;
мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасына арналған төлемақы;
Ең бірінші жәрдемақыға тоқталсам, босанғанда төленетін жәрдемақы бұған дейін отбасында дүниеге келген бала санымен байланысты болады. Бала туған кезде берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді. 

Мысалға, бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 120 840 теңге төленсе, төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 200 340 теңге беріледі (2022 жылы АЕК мөлшері 3 180 теңгеге тең). Ал отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке төленеді. 

Cондай-ақ жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге мемлекеттік бюджеттен ай сайын бала бір жасқа толғанға дейін жәрдемақы төленеді. 

Ал бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы сәби бір жасқа толық толғанға дейін төленеді. Бұл жәрдемақы балаға қарайтын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған жұмыс істемейтін әйелдер мен ерлерге тағайындалады. Бұл төлемақы да отбасындағы бала санына байланысты болады.

Бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 18 317 теңге;
Екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 21 655 теңге;
үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 24 963 теңге;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 28 302 теңге төленеді.   
Екінші топтағы жәрдемақы көп балалы аналарды қолдауға арналған. Төрт немесе одан да көп балалары бар отбасыларға сараланған түрде отбасындағы бала санына байланысты төленеді. 

Егер отбасында төрт бала болса, жәрдемақы көлемі 16 АЕК немесе 51 000 теңгеге жетеді. Егер бес бала болса, 63 728 теңгеге тең. Бала санының өсуіне байланысты төрт АЕК көлемінде төлемдер қосылып отырады. 

Келесі жәрдемақы тікелей көп балалы анаға беріледі. Көп балалы ананың беделін және оның еңбегін мойындай отырып, алты және одан да көп баласы бар аналар мемлекеттік марапатпен марапатталып, ай сайын жәрдемақы төленеді. Бүгінгі таңда ол 6,4 АЕК немесе 20 352 теңгені құрап отыр. 

Барлық айтылған жәрдемақылар отбасындағы табысқа қарамай төленетінін атап өткім келеді. Бұны әлеуметтік қолдаудың базалық деңгейі десек болады. 

– Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілі ретінде қордың жүкті аналарға қандай төлемдер жүргізетінін егжей-тегжейлі айтып берсеңіз.

– Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры бала тууға немесе бала асырап алуға байланысты жұмысы уақытша тоқтап қалған отбасыларды жәрдемақымен қамтиды. 

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын азаматтар сәби босанғаннан кейін және ол бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты жәрдемақы ала алады. Ол үшін жұмыс берушілер біздің қорға әлеуметтік аударымдар жасап отыруы тиіс. Әлеуметтік төлем әйелдің жүктілік және босануы бойынша, сондай-ақ бала асырап алу кезіндегі бала күтіміне жұмсайтын еңбек демалысы күнімен реттеледі. 

Жұмыс істейтін әйелдер сәбидің дүниге келуіне байланысты бір реттік жәрдемақы, жүктілігі және босануы орай табысынан айырылу жағдайында төлемақы, баласы бір жасқа толғанға дейінгі ай сайынғы жәрдемақыны ала алады. 

Қызметтегі әйелдерге босанғаннан кейін берілетін жәрдемақы соңғы 12 айдағы орташа айлық табыс мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндерінің коэффициентіне көбейткен кезде шығады. Еңбекке жарамсыздық күндерінің коэффициенті еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын отыз күнге бөлген кезде анықталады. 

– Сіздің ойыңызша, жұмыс істейтін азаматтар осындай төлемдер туралы жеткілікті біле ме? 2021 жылы қордың қандай қаражаты осындай төлемдерге жіберілгенін айта аласыз ба? 

– Біздің қордың халық арасында, әсіресе еңбек ұжымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыс қордың орталық деңгейінде де, облыс орталықтарында да қолға алынған. Жұмыс істемейтін азаматтарға бағытталған әлеуметтік төлемдерге барлық әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз етуге бағытталған қор активтерінің жалпы сомасының 82%-ы тиесілі. 2021 жылғы статистика бойынша МӘМС 1 146.000 азаматқа 338,8 млрд теңгеге әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырды. Соның ішінде жүктілік, босану және бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерге 278 млрд теңге бағытталған. 

– Статистикаға көз жүгіртсек, қанша әйел жәрдемақы алды? Төлем мөлшері қалай есептеледі? Осы төлемдерді алушылардың орташа жасы қандай, олардың арасында қанша көп балалы аналар бар?

– Жүктілік және босану бойынша төлемдер 2021 жылы 123,6 млрд теңгені яғни 225 000 адамды қамтыды. Бұл төлемнің орташа мөлшері 558 000 теңге деңгейінде болды. Бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем 663 020 адамды қамтыды. Қордан осы мақсатта 154,5 млрд теңге бағытталды. 2021 жылғы статистика бойынша әйелдердің орташа жасы 30 жасты құрайды. Қызықты деректерді атап өткім келеді, жүктілік және босану бойынша төлем алуға өтініш білдірген әйелдердің шамамен 25%-ы 35-тен 49 жасқа дейінгі жас тобына кіреді. Сондай-ақ 50 жастан 63 жасқа дейінгілердің арасында 38 адам бар. Ал көп балалы аналарға келетін болсақ, бала күтімі бойынша төлем алушылардың үлесі шамамен 27%-ды немесе 178000 адамды құрайды.

Жүйеге қатысушы үшін міндетті әлеуметтік аударымдарды төлеудің жүйелілігі мен толықтығы да маңызды. Себебі жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу кезінде жұмыстан босатылғаннан кейінгі соңғы 12 ай есепке алынады. Ал егер жәрдемақы бала күтімі бойынша төленетін болса, онда 24 ай есептеледі.  Біз әрдайым азаматтарға төленген әлеуметтік аударымдардың толықтығы мен уақытылы төленгенін электрондық үкімет порталынан тексеруге кеңес береміз. Сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар біздің облыстық филиалдарымыздан әлеуметтік аударымдар жайлы тегін ақпарат ала алады. Бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем тағайындау кезінде төлем мөлшері жүйеге қатысушының орташа айлық табысының 40%-ымен есептеледі. 

Мәселен, сіздің айлық жалақыңыз бір жылы  250 000 теңге, екінші жылы 270 000 мың теңге болсын делік. 

12*250 000 + 12*270000=3 000 000 + 3 240 000 = 6 240 000 теңге. Ал енді екі жылдағы жұмысымыздың ортақ табысын есептейтін болсақ, 6 240 000 теңгені 24 айға бөлеміз. Сонда ортақ табыстың сомасы 260 000 теңгеге жетеді. 

Кейін шыққан көрсеткішті 0,4 коэффициенке көбейтіп, одан 10% зейнетақы төлемдерін алып тастаймыз. Сонда:

260 000*0,4 = 104 000 теңге, 10% алып тастағанда босанған әйел ай сайын 93 600 теңге жәрдемақы ала алады. 

– Сіздің жауабыңыздан бұл төлемдердің жұмыс істейтіндер арасында сұранысқа ие екені аңғарылады. Жәрдемақы қандай мерзімде тағайындалады және оларды алу үшін қайда жүгінуге болады?

– Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш білдіру мерзімдері декретке шыққан күннен бастап 12 айдан аспауға тиіс. Сондықтан азамат өзіне ыңғайлы кез келген уақытта тағайындау жұмыстарын жүргізу үшін бізге жүгіне алады. Бірақ елдегі ақпараттандырудың дамуымен қызметтердің көпшілігі азаматтарға жаңа форматта қолжетімді болды. Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш білдіру тәсілдеріне тоқталайын. Ең алдымен өтініш беруші әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш берді. Ол үшін дәстүрлі түрде мемлекеттік корпорацияға баруға немесе электрондық үкімет порталынан беруге болады. Тек бір ғана цифрлық қолтаңба болса жеткілікті. Сондай-ақ төлем тағайындалғаннан кейін біздің жүйемізден ұялы телефонға келетін SMS хабарламаларға дұрыс жауап беру керек. Ол банктік шот нөмірін растау үшін, яғни төлемді тағайындауды бастау үшін жеткілікті болады. 

– Қорытындылай келе, ана мен баланы қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігін қалай бағалайтын едіңіз?

– Бұл тиімді жүйе Қазақстанда бала туудың тұрақты өскенін растап отыр. Соңғы жылдары елімізде жыл сайын кемінде 400 мың бала дүниеге келеді. Мысалы, егер 2015 жылы 279 000 бала дүниеге келсе, 2021 жылы 446,5 мың бала дүниеге келді. 2006 жылы балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау туралы заң енгізілді. Ал 2008 жылы біздің қордан жүктілік және босану бойынша және бала күтімі бойынша жұмыс істейтін аналарға әлеуметтік төлемдер тағайындау басталды. Сондықтан бұл жүйенің тиімділігі сөзсіз жоғары.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста