Қазақ тілінде қате жарнама берушілерді қалай жазалау керек?

Қазақ тілінде қате жарнама берушілерді қалай жазалау керек?


Мұхтар Шаханов, халық жазушысы:
– Жарнамалардағы қазақшамызды қалай түзейміз, оны берушілерді қалай жасаймыз деген сауал – «өзі дімкәс адамның аяғына кішкене тікен кіріп кетіпті, соны қалай жазамыз» деген сияқты алаңдаушылық қана. Анығын айтсақ, тілге қатысты бұдан да маңызды-маңызды мәселелер шаш етектен. Жарнама тілі соның ішіндегі кейінгі проблемаларға жатады. Бүгінде ана тіліміздің аясы тарылып, жағдайы түзелмей отырғандығының басты себебі – біздегі «Тіл туралы» заңның солқылдақ болуы. Ал заң­дарымыздың күші жетпегендіктен, кімді қалай жаза­лай­сың?! Міне, осылайша, тіліміз бұзылған үстіне бұзыла бермек. Осы мә­селемен айналысады дегендердің өздері қит етсе тілге анау жауапты, мынау жауапты деп, бір-біріне ысыра береді. Ай­­на­лып келгенде, мемлекеттік тілге байланысты барлық мә­се­леге ті­келей биліктің өзі жауапты болуы тиіс. Жергілікті бас­шы­лар бол­са жоғарыдан пәрмен болмайынша, қимылдай қой­майтыны бел­гілі. Сондықтан да мемлекет шындап кірісетін болса, ті­лі­міз­ді мейлінше дамытуға зор мүмкіндіктер ашылар еді.

Мамай Ахет, Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы:
– Көшелердегі, маңдайшалардағы жазулар, ақпарат құралдарындағы жарнамалардың сауатсыздығы біздің үнемі бас ауыртатын қиын мәселелеріміздің бірі болып отыр. Алматы сияқты үлкен мегаполисте бұған байланысты проблема өте көп. Дей тұрғанмен де, біз қол қусырып қарап отырған жоқпыз. Біздің мамандар жиі-жиі тексерулер өткізіп, тілбұзар жарнамаларды тауып, қолда бар деректердің жинап, суретке түсіріп, прокуратураға ұсынады. Одан кейінгі процестерге біз араласа алмаймыз. Дәлірек айтсақ, жарнамаға жауаптыларды жазалау мәселесіне келгенде тіл басқармасының құзыры жүрмейді. Тиісті жаза қолданбақ түгіл, біздің тілбұзарларға тікелей ескерту жасауымызға да құқымыз жоқ. Тағы бір жайт, біздің елімізде жарнама жасаумен айналысатын мамандардың басым бөлігі – орыстілділер. Ал қазақ тіліндегі жарнама орысша немесе ағылшынша нұсқасынан аударылғаннан кейін ғана жасалады. Соңғы уақыттарда да біз өз жұмысымыздың нәтижесін жеделдету үшін аудандық мәдениет және тіл бөлімі, сондай-ақ «Алматыжарнама» мемлекеттік мекемесі кадрларымен бірлесіп, арнайы тексерулерімізге прокуратура қызметкерлерін бірге алып жүруді жолға қойдық. Өйткені нақты қатені көрген жерде прокуратура қызметкерлері дер кезінде тиісті шара қолдана алады.

Сағатбек Медеубекұлы, әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ журналистика факультетінің доценті, фило­ло­гия ғылы­мы­ның кандидаты:
– Мемлекеттік тілімізге қатысты талаптарды орын­да­ма­ған­дарды әкімшілік жауапқа тартудан басқа амал жоқ. Бірақ бізде осы мәселемен тікелей айналысып, жауапкершілікті өз мой­ны­на алатын ешқандай құзырлы мекеме жоқ. Негізі, мем­ле­кет­тік тілді бұрмалаушыларды Тіл комитеті сотқа беруге құ­қы­лы. Алайда комитеттегілер кінәлілерді анықтағанның өзінде, жа­рымжан жарнама берушілер болмашы айыппұл төлеумен ғана шектеліп, оңай құтылып кете береді. Сондықтан да қате жар­нама жасағандарға салынатын айыппұл мөлшерін ұлғайту қажет. Айыппұл мөлшері жарнама құнынан екі-үш есе қымбат болуы тиіс. Бұған қоса Қазақстанның әрбір азаматы да осы мә­­селеде шет қалмауы керек. Халықтың көпшілігі көшеден ала-құла жарнама көрсе, «мынаның қазақшасы қате жа­зыл­ған» екен дейді де, өте шығады. Демек, бізде жалпы ана ті­лі­міз­­ге деген немқұрайдылық бар. Ал мемлекеттік тілді қорғау Тіл комитеті мен белгілі бір ұйымның ғана шаруасы емес.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста