Қаладағы қаптап кеткен қаңғыбас иттерден қалай құтыламыз?

Қаладағы қаптап кеткен қаңғыбас иттерден қалай құтыламыз?

00135

Рүстем ЖАЛҒАСБАЙ, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

– Жақында қалалық мәслихат депутаттары жануарларды ұстауға байланысты мәселе көтеріп, осы бойынша жаңадан ережелер енгізді. Мәселен, бұрын кейбір пәтер иелері 20-30 иттен асыраса, енді кемі бес иттен артық ұстауға болмайды. Егер бұл ережеге бағынбаса, тұрғындар айыппұл төлейді. Онымен қоса енді үй жануарларының аты-тегі арнайы базаға енгізілу үшін олардың бәріне чип салынады. Сол чип арқылы иттердің иесін анықтауға, жоғалып кетсе, табуға мүмкіндік бар. Бүгінде Алматыда қаңғыбас иттердің санын азайту мәселесі қатты қолға алынып жатыр. Оларды аулайтын жекеменшік кәсіпорындар күн сайын 50-60 итті ұстап, арнайы ветеринарлық клиникаға апарады. Үш күннің ішінде қожайыны табылмаса, ол иттерге дәрі беріліп, аулаққа көміледі. Енді қаңғыбас иттерден құтылу үшін бұған жүйелі түрде жұмыстар жүргізу қажет. Мәселен, Ресейде мұндай мәселелер жақсы ретке келтірілген. Қаңғыбас иттерді күтіп-баптайтын арнайы орталықтар бар. Қаншық иттерді дәрі арқылы тудырмайтындай етіп ұстайды. Бізге де осындай жүйе қажет.

00240

Жанат ӘКІМҰЛЫ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешен мемлекеттік инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бастығы:

– Қалада қаңғыбас иттердің өте көп екендігі рас. Оларды азайту мақсатына биыл қалалық бюджеттен 80 миллион теңге қаржы бөлінді. Әр ауданда қаңғыбас иттерді аулау кәсіпорындары ашылған. Біріншіден, Алматы – үлкен мегаполис. Онымен қоса осыдан біраз бұрын көптеген үйлер бұзылған кезде үй иелері иттерін далаға тастап кеткен. Жалпы, 2008 жылы 26 891 ит қорымға көмілсе, биылғы жылдың он айында 22 572 қаңғыбас ит ұйықтатылды. Соңғы кезде иттерден жұғатын аурулар өте көбейіп кетті. Өткен жылы 4100 адамды құтырған иттер қауып алып, ауруханаға түссе, биыл да қалалық тұрғындардың арасынан құтырма мен оба (чума) аурулары көп тіркеліп отыр. Енді қаңғыбас иттерден құтылудың жолдары өте көп. Ол үшін қалалық әкімшілік бұл мәселеге ерекше назар аударып, ит аулаушыларға жан-жақты қолдау көрсетуі қажет. Қазір әр ауданда бір-бірден ит аулайтын кәсіпорындар бар. Бұл аздық етеді. Сондықтан олардың санын екі-үш есеге арттыру керек.

00326

Әсел ЕРГЕШҚЫЗЫ, Алматы қаласының тұрғыны:

– Соңғы жылдары қаңғыбас иттердің саны көбейгені сонша, қаладағы бір аурухананың өзіне күніне орта есеппен ит қапқан екі-үш адам түседі екен. Олардың басым бөлігі – осы иесіз иттерден зардап шеккендер. Қалада үйлерінде ит ұстайтындар жетерлік. Сондықтан көпқабатты үйлердің ішінде ит ұстайтындарға шектеу қойып, ал қала ішіндегі қаңғыбас иттерді дер кезінде арнайы қызмет орындары құрықтап отырғаны жөн. Тіпті құтырған иттердің адамды қауып, арты қайғылы жағдайларға ұшыраған оқиғалар да кездеседі. Сондықтан «сақтықта қорлық жоқ» деген бар. Шетелдерде бұл мәселе мүлде басқа жолмен шешілген. Мәселен, ең бай елдердің қатарындағы Кувейтте қаңғыбас иттер жоқтың қасы. Оларды асырайтындар арнайы заң бойынша салық төлеуі қажет. Мүмкін бізге де осындай жүйе керек шығар. Ондай салықты ол елдегі екінің бірінің қалтасы көтермейді екен. Ал бізде керісінше бұзылған үйлердің орнында шашылған қоқыс пен қаңғыған иттер қалады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста