Оқушылардың сабақтан кетіп, намазға баруының салдары қандай болуы мүмкін?

Оқушылардың сабақтан кетіп, намазға баруының салдары қандай болуы мүмкін?


Алдан СМАЙЫЛ, Мәжіліс депутаты:
– Қазір жастар әсіресе жұма күндері сабағын тастап, жұма намазға барып жатады. Құранның өзінде де «білім іздеу намаз оқығаннан әлдеқайда қайырлы» делінген. Оның үстіне, біз таза ислам мем­ле­кеті емеспіз. Сондықтан мектеп оқушыларының сабақ уақытында намаз оқуға кетіп қалуы дұрыс емес. Оқушыға қойыла­тын бас­ты талап — білім алу. Бұл мәселені бетімен жіберуге болмайды. Мектеп ұжымы білім департаменті  басшыларымен біріге отырып, оң шешімін табуы керек. Менің ойымша, мектеп — мектеп, мешіт мешіт түрінде болғаны жөн. Әрқайсысы өздерінің функциясын бір-біріне кедергі келтірмейтін етіп атқаруы қажет. Қазір Тәжікстанның білім мекемелері осындай мәселелерге алаңдаушылық білдіріп, жұма күні мектеп оқушылары­ның мешіттерде болуына тыйым салып, мешіттерді аралап, рейдтер жүргізуде. Мүмкін, бізге де осындай нақты шаралар ұйымдастыру керек шығар.

Нұрлан ЕРІМБЕТОВ, саясаттанушы:
– Біріншіден, ислам қатып қалған догма емес. Бұл жерде біздің діндарлар, мүфтилер, дін философтары бірігіп, жастарға дұрыс ба­ғыт-бағдар беруі керек. Жасөспірімдердің сабақтан қашып, мешітке баруы­ның дұрыс емес екендігін  олар жұма күндері уағыз кезінде неге айтпай­ды? Әрине, бос уақытында намаз оқысын, зекетін берсін, ислам шариға­тын орындасын, оған ешкім қарсы емес. Бірақ оқушы мектеп кезінде білім алуы шарт. Мәселен, Еуро­падағы мұсылмандар­дың мүфтилері бес уақыт намаз оқитындарға жұмыс кезінде намазын қаза қылған күнә еместігін түсіндірген. Яғни жұмыстан кейін құлшылық қылулары керек. Ол жақта жұмыс көбіне автоматты түрде жүреді. Техника бір сәтке де тоқтамауы керек. Ал ол тоқтап қалса, қаншама шығынға батады. Осыны ескерген еуропалықтар әлгіндей ортақ шешімге келген. Демек, мемлекеттің заңнамаларын бұзбай, азамат­тар­дың діни бостандығына шектеу келтірмей, бір шешімге келе білді. Неге бізге де осындай бір ортақ шешім ойлап таппасқа? Меніңше, діндарлар осыған араласуы керек. Үкімет пен мектепке жауапкершілік арта бергенше, дін өкілдері осындай мәселелерді шешудің жолын қарастырса екен деймін.

Оңғар қажы ӨМІРБЕК, ҚМДБ баспасөз хатшысы:
– Жұма намазын оқу – ер-азаматтар үшін парыз. Ал оған қатысуға мүмкіндігі болмаған мектеп оқушылары оның орнына бесін намазын оқуы қажет. Намаз оқу да, білім алу да – парыз. Демек, жұма намазының уақыты сабағына тұспа-тұс келсе, онда оның орнына бесін намазын асықпай, екінті намазының уақыты кіргенше оқуға болады. Сонымен қатар Қарулы Күштер мен құқық қорғау, денсаулық сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органдардың қызметі, маңызды нысандардың күзеті — адам өмірі мен саулығы үшін аса маңызды. Сондықтан мұндай орындарда діни міндеттерді (намаз, жұма намазы, ораза т.б.) себеп етіп қызметтен бас тартуға болмайды. Ата Заңымыз бойынша мемлекеттің басты байлығы – адам. Онымен қоса, ислам дінінде Отанды қорғау, басшыға бойұсыну, адамзаттың өмірін сақтап қалу әрбір мұсылманның борышы екендігін ескерсек, онда құлшылық, ғибадат қызметке (оқуға) кедергі жасамауы тиіс. Алайда мемлекеттік қызметке кедергі болмайтын жағдайда діни міндеттерге нұқсан келтіруге шариғатта рұқсат жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста