Мектеп оқушыларына оқуға міндетті әдебиеттер тізімін заманға сай қайта қарау керек пе?

Мектеп оқушыларына оқуға міндетті әдебиеттер тізімін заманға сай қайта қарау керек пе?


Дүйсен Мағлұмов, «Балдырған» журналының бас редакторы:
– Өз басым қайта қарау керек дер едім. Өйткені әдебиет бір орында тоқтап тұрған жоқ. Даму үстінде. Және заман талабын да ұмытпауымыз керек. Сондықтан бұрынғы тізімді қайта қарап, бүгінгі күн талабына жауап бере алмайтын шығармаларды алып тастап, орнына соңғы кездері жазылған жақсы шығармаларды қосуымыз керек. Ол тізімде сызылуға тиіс шығармалар жоқ болуы мүмкін. Бірақ сол тізімге қосылуға лайық шығармалар бар екенін ұмытпауымыз керек. Алмасақ та, қосу үшін-ақ қайта қарайтын уақыт келді деп ойлаймын.


Шәкен Күмісбаев, балалар жазушысы:
– Ол тізімді ғана емес, мектеп оқулықтарын­дағы шығармаларды да қайта қарау керек. Біздегі оқулықтар сол баяғы сүрлеумен кетіп бара жатыр. Сол баяғы шығармалар. Неге оларды заманға лайықтап қайта қарамасқа? Қаншама жақсы шығармалар жазылып, жарық көріп жатыр, соларды неге қоспаймыз? Мысалға, биылғы жылы сегізінші рет қорытын­дыланған «Дарабоз» бәйгесінің өзі көптеген шығарманың жазылуына түрткі болды. Сол бәйгеде орын алған шығармаларды оқулыққа енуге лайық деп санаймын. Ал ана тізімде алып тастауға болатын шығармалар бар ма, жоқ па, оны білмеймін. Өйткені ол тізімді өзім көрген емеспін.


Қаракөз Смәділ, «Қазақ әдебиеті» газетінің тілшісі:
– Қазіргі заманға сай жастар әдебиеті, жастар поэ­зия­сы мен шығармашылығын мектеп табалдырығынан бас­тап оқыту идеясына қосыламын. Яғни міндетті әде­биеттер тізі­мін заманауи әдебиеттермен толықтырған дұрыс. Бұдан біз ұтпасақ, ұтылмаймыз. Біріншіден, бүгін­гі заман тынысымен, бүгінгі заман кейіпкерімен бала мектеп жасынан танысады. Тек мектеп оқушылары үшін міндетті әде­биеттер тізі­міне енгізетін жаңа авторлар тізімін осы сала­ның мамандары бірігіп түзуі қажет деп есеп­теймін. Яғни заманауи авторлар­дың туындысының көр­кемдік тілі, өзектілігі арнайы әдеби-көркемдік талап­тар­ға жауап бер­ген жағдайда ғана осы тізімге енгізілуі керек. Екіншіден, қа­зір кітап оқу, әсіресе әдеби-көркем дүние­лерді оқу мә­се­лесі ушығып тұрған кезде бала ең бол­маса жаңа шы­ғар­маларды мектептен оқып тұшы­нар еді деген ойда­мын.


Ақберен Елгезек, ақын:
– Жас жеткіншектің жақсы азамат болып қа­лыптасуына әдебиеттің әсері зор. Өскелең ұрпа­ғы­мыздың жан-жақты жетілуі үшін балалар оқи­тын міндетті әдебиеттер тізіміне ұлттық әде­­биетіміздің озық үлгілерімен қатар, әлемдік әде­биеттің туындылары да кіруі қажет деп санай­мын. Жыл сайын болмаса да, он жылда бір рет бұл тізім заман ағымына қарай қайта қаралып отыруы тиіс. Себебі өмірдің кез келген саласы секіл­ді әдебиет те эволюциялық жолдан өтеді.
Бірінші кезекте балаларға жазатын қалам­гер­лер мемлекет тарапынан қолдауға ие болуы ке­рек. Екіншіден, сол тізімге кіретін шығармалар бо­лашақта қандай қоғамды қалыптастыруға бағыт­талып отырғандығы тиянақты сарапталуы керек деп есептеймін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста