Елімізде қауіпті қалдықтарды жою дұрыс жолға қойылған ба?

Елімізде қауіпті қалдықтарды жою дұрыс жолға қойылған ба?


Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы, эколог:
– Еліміздегі қауіпті қалдықтарды жою мүлдем дұрыс жолға қойылмаған. Тіпті шағын қалдық өңдей­тін цехтарды іске қосуды да меңгере алмай отырмыз. Осы уақытқа дейін қауіпті қалдықтарды жоюға ар­нал­ған көптеген жоспарлар жасап, тиісті орындарға өткіздік. Бірақ солардың бірде-бірі қолдау тапқан жоқ. Менің қалдықтарды жою мақсатындағы жос­пар­ларымды Елбасымыз көріп, қолдады. Тиісті орын­дарға тапсырма да берді. Өкінішке қарай, бәрі сонымен тоқтады. Егер біздің жоспарымыз жүзеге асса, еліміздегі қауіпті қалдықтар жойылып, табиға­ты­мыз да тазарып, еліміздің экологиялық ахуалы жақ­сарар еді. Тіпті қалдықтарды қайта өңдеуден өт­кізу арқылы, шикізатқа айналдырып, қайта кәдеге асыру­ға болар еді. Бірақ әзірге еліміз қауіпті қал­дықтар мәселесіне қырын қарап отыр.


Жалғас ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ, Мәжіліс депутаты:
– Әрбір ведомствоның қа­уіпті қалдықтар бойынша жасап жатқан жұмыстары бар. Жыл сайын осы мәселе аясында ар­найы қаржы бөліп, өндірістік, тұрмыстық қауіпті қалдықтарды жою жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, мұнай өңдеу зауыт­тары жыл сайын миллиондаған қаржы бөліп, мұнай қалдық­тарының салда­рын жоюмен айналысады. Сон­дықтан елімізде қауіпті қал­дықтарды жою мәселесі мүл­дем назардан тыс қалған деп айта алмаймын.


Сәдібек ТҮГЕЛ, эколог:
– Елімізде қауіпті қалдықтарды жою жұмыстары жүргізілмейді. Жекелеген тұрғындардың күнделікті тұрмыста тастайтын қалдықтары түгіл, өндірістік орындардан шығатын қауіпті қалдықтарды жою мәселесі де шешілмеген. Соның салдарынан бүгінде Өскемен, Атырау секілді қалаларымыздың экологиялық мәселесі қиындаған. Байқо­ңыр­дан ұшырылған зымырандардың Жезқазған өңіріне түскен сынықтары да толығымен залалсыздандырылып жатыр деп айта алмаймын. Соңғы кездері көп қолданысқа түскен энергия үнемдеуші шамдардың қоршаған ортаға, адамдардың денсаулығына әке­лер зияны өте үлкен. Люминесцентті энергия үнем­дейтін шамдар қолданысқа пайдалы болғанымен, істен шыққаннан кейінгі зардабы айтарлықтай. Өйткені шынының іші сынап буымен тол­тырылған. Шам сынатын болса немесе істен шы­ғып қоқыс жәшігіне лақтырылса, онда шынысы сынып, сынап буы ауаға тарайды. Ал сынап буы – өте улы зат. Өкінішке қарай, мұндай қауіпті қалдықтарды өткізетін арнайы орындар да елімізде жоқ. Ал халық істен шыққан шамдарды қазір қоқысқа лақтыра салуда. Оның зардабы ешкімді ойландырмауда. Жалпы, қауіпті қалдықтар мәселесі аймақтық, облыстық деңгейде шешілетін мәселе емес. Арнайы бағдарлама қабылданып, мемлекеттік деңгейде экологиялық ауқымды шаралар атқарудың нәтижесінде шешілетін мәселе. Бүгінге дейін бұл мәселе тиісті орындар мен экологтар тарапынан бірнеше рет көтеріліп, талқыланды. Әйтсе де әлі күнге ауыз толтырып айтарлықтай іс-шаралар жасалып жатқан жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста