Экологиялық полиция қажет пе?

Экологиялық полиция қажет пе?

erasyl-abilkasymov

Ерасыл Әбілқасымов, саясаткер:

– Бізге міндетті түрде экологиялық полиция қажет. Рас, бізде экология министрлігі бар. Бірақ бұл министрліктің жұмысы еліміздегі барлық экологиялық жағдайды жақсартуға жеткіліксіз, көп мәселелерді шеше алмай отыр. Сондықтан мейлінше халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін, арнайы қаланың, өзен-көлдердің, жалпы табиғаттың тазалығын бақылайтын, тәртіп бұзғандардың келтірген зияндарын қалпына келтіретіндей, айыппұл сала алатындай қолында билігі бар арнайы экологиялық полиция қажет. Қазіргі таңда әлемдегі ең ауасы лас қалалардың бірі саналатын Алматы қаласы, Арал, Каспий, Балқаш суларының мәселесі, ондағы өзінен-өзі қырылып жатқан балықтардың мәселесі, зиянды түтіндерді тазалаусыз ауаға жіберіп жатқан өнеркәсіп орындарының әрекеттері күннен-күнге ушығып барады. Сондықтан экологиялық полицияны мүмкіндігінше тез арада құру керек. 

227

Марат СӘРСЕНБАЕВ, заңгер:

– Шетелдің тап-таза қалаларына тамсана бермей, өзіміздің де қалаларымызды тап-таза ұстауға неге күш салмасқа?! Егер біз экологиялық полицияны құрсақ, ең алдымен осыған қол жеткізер едік. Кейбір қала тұрғындары арнайы қоқыс салатын жәшікті көре тұра, қолындағы қоқысын көшенің кез келген бұрышына лақтыра салады. Соның арқасында бүгінде су ағуға тиіс арықтардың бойының бәрі қоқыстарға толы. Табиғат аясына демалуға барғандар демалған орындарын шашып кетеді. Одан басқа да экологиялық полицияны керек етіп тұрған табиғатымыз, өзен-көлдеріміз, ормандарымыз  жеткілікті.  Патрульдік полиция көшедегі тәртіпті бақылағанда тек бұзақыларды ғана тәртіпке салады. Тазалықты бақылауға олардың күші жеткіліксіз. Сондықтан басқа полицияның мойнына экологиялық тазалықты арта салуға болмайды. Өз алдына бөлек бір экологиялық полиция болғаны дұрыс. Экологиялық тазалық сақтамай зиян келтіріп, тәртіп бұзғандарға аяусыз айыппұл салу керек. Қатаң тәртіп арқылы ғана адамдарды тазалық сақтауға бағындыра аламыз.

mels-eleusizov-1

Мэлс Елеусізов, эколог:

– Біз экологиялық полицияны құру жайлы ертерек ойлануымыз керек еді. Өйткені экология саласында қордаланып жатқан мәселелер өте көп. Дегенмен «ештен кеш жақсы» дегендей, кеш те болса ендігі жерде аталмыш саланың өз алдына экологиялық полициясын құру керек. Өйткені басқа саланың мамандары экологияға қатысты мәселелерге атүсті қарайды. Арнайы мамандандырылған қызметкерлер ғана экологиялық тазалықтың сақталуына өз үлесін қосады. Сондай-ақ экологиялық полиция табиғатты қорғап қана қоймай, экологиялық ахуалы нашарлаған табиғатты қайта қалпына келтіру жұмыстарын да жеріне жеткізе орындай алады деп сенемін. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста