Дәрігерлердің дұрыс диагноз қоймай, науқасты әуреге салуы олардың біліксіздігінен бе, әлде жауапкершіліктен қашу ма?

Дәрігерлердің дұрыс диагноз қоймай, науқасты әуреге салуы олардың біліксіздігінен бе, әлде жауапкершіліктен қашу ма?


Совет-Хан ҒАББАСОВ, медицина ғылымының докторы:
– Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттың ішінде екі жүйе қатты тұралап қалды. Бірі – медицина саласы болса, екіншісі – білім саласы. Жемқорлыққа батып, заңсыздықтар орын алып, небір тәртіпсіздікке жол беріп жатқан бұл жүйелердің зардабын қара­пайым халық тартып жатыр. Халық та бұл мамандарға деген сенімін жоғалтты. Қазір халық ауырса, дәрігерге қаралудан қорқып тұрады. Себебі дәрігер науқастың ауруы­нан гөрі қалтасындағы ақшасына бірінші мән береді. Бұл білімсіз, біліксіз дәрігердің әрекеті екені түсінікті. Дәрігер өзін адам жанының арашасы ретінде емес, мамандығын «ақша табудың көзі» деп қана түсінеді. Сондықтан мамандығын ойлап білімін жетілдіруді, аурудың науқасын дәл анықтауды ойламайды, ойлауға шамасы да жетпейді. Оның үстіне білімі жоқ дәрігер жауапкершіліктен қашпағанда не істейді? Науқастың ауруы асқынып кетсе де бәрібір, келесі дәрігерге сілтеп отыра береді. Тек науқас өз алдында өліп қалмай, кетіп қалса болды. Медицина саласының сынға ұшырағанына біраз уақыт болды. Бірақ келеңсіздіктер жойылар емес. Бұл – өте қорқынышты нәрсе. Медицина саласына қатаң тәртіп орнатар кез жетті. Тіпті дұрыс диагноз қоймақ түгілі, дәрігерлер дәріханалармен жең ұшынан жалғасып алып, науқасқа керекті-керексіз дәрілерді сатып алуына анықтама жазып береді. Олар үшін дәріханадағы дәрісі өтсе болды. Ал ол дәрілер науқасқа пайдасы бар-жоғына бас ауыртпайды да. Алла тек ауыртпасын...

Нұра ТЫНЫСҚЫЗЫ, заңгер:
– Қазіргі таңда дәрігер алдына барған нау­қас­тардың жартысынан көбі дұрыс диагноз қой­дыра алмайды. Мұның себебі дұрыс диаг­ноз қоюға дәрі­гердің білімі мен білігі жете бер­мейді. ҚР қылмыстық кодексінде өз кәсібіне жауапкерш­ілікпен қарай ал­маған дәрігерді айып­пұлдан бас­тап, бас бостанды­ғынан айыру жазасына дейін қылмыстық жауапкер­шілікке тарту көздел­ген. Қосымша мамандығына бай­ланысты лицен­зиясын қайтып алу секілді та­лаптар да қарас­тырылған. Алайда көп жағдайда бұл жазалар қолданылмайды. Дәрігерден зар­дап шеккен науқастар қанша қудаласа да, әділ­дікке жете ал­май жатады. Бұл – дәрігерлерге де­ген заңның әлсіздігі. Сондай-ақ өз ісіне се­німді адам жауап­кершіліктен қашпайды. Дәрі­герлер өзінің біліміне сенбегеннен кейін жауап­кер­шілікті мойнына алудан қашады.

Сейдахмет ҚҰТТЫҚАДАМ, саясаттанушы:
– Қоғамдағы күннен-күнге жағдайлары оңалу орнына кері кетіп бара жатқан мұғалім мен дәрігер мамандықтары туралы ештеңе айт­қым келмейді. Адамға ең керекті мамандық бола тұра, екі мамандықтан да қадір қашты. Қазір қанша сынап жатсақ та, олардан нәтиже жоқ. Бұл олардың қауқарсыздығының көрінісі болса керек. Емханаға барып қай кабинетке бас сұқсаңыз да, дәрігерлер көміліп қағаз жазып отырады. Яғни жоғары жақ олардан соны талап етеді. Дәрігерге сонша көп қағаздың не керегі бар? Оларды қағазбастылықтан арылтып, жұмыс істеуіне жағдай жасайтын кез келді ғой. Мемлекеттік қызметкер ретінде жиналыстар мен партияның жиындарында да залды толтырып отыратын – дәрігерлер. Өзіміз осылайша олардың жұмыс істеуіне жағдай жасамай отырмыз. Жалақылары да мардымсыз. Сондықтан алдымен жағдай жасап барып, талап қою керек. Қазір мектепті енді бітірген баланың өзі мұғалім мен дәрігер болудан қашады. Себебі абыройсыз жұмыс екенін біледі. Осы орайда алдымен дәрігер мен мұғалім мамандығының беделін көтеріп алу керек. Жағдайы жоқ адамға сын айту – ұят тірлік.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста