Дәрігер мен науқастың арасындағы келісімшарт медициналық көмек сапасын арттыра ала ма?

Дәрігер мен науқастың арасындағы келісімшарт медициналық көмек сапасын арттыра ала ма?


Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, Мәжіліс депутаты:
– Науқасқа медициналық көмек көрсету – дәрігердің міндеті. Ендеше, дәрігердің міндетті нәрсесін келісімшартпен заңдастыру­дың қажеті қанша? Өз басым дәрігер мен науқас арасындағы келісім­шартқа қарсымын. Бүгін дәрігер мен науқас арасына, ертең МАИ қызметкері мен көлік жүргізушісі арасында келісімшарт жасай бер­сек, сонда мамандығы бойынша міндетін біліп, кім дұрыс қыз­мет етеді?! Одан да медициналық көмек беру сапасын арттырудың басқа да жолдарын қарастыру керек. Жекеменшік медициналық орта­лықтар мен науқастар арасында келісімшарт жасауға болатын шы­ғар, бірақ мемлекеттік мекеме болып табылатын аурухана дәрігері мен науқас арасында келісімшарт жасауды қолдай алмаймын. Мемлекеттік медициналық мекемелерді бақылайтын Денсаулық сақтау министрлігі халыққа медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру үшін түрлі жолдар қарастыруы керек. Бірақ ол келісімшарт түрінде болмауы тиіс. Келісімшарт осы саладағы бюрократизмді одан сайын арттырып жібереді.


Темірәлі ЖҰМАШ, ҚР ДСМ Туберкулез мәселелері ұлттық орталығының аға ғылыми қызметкері, ассоциирлі профессор:
– Соңғы кездері дәрігер мен науқас арасында бір-бірінің үстінен арыз-шағымдардың көбейіп кеткені рас. Тіпті олардың кейбіреуі сотқа дейін жетіп жатыр. Осы орайда дәрігер мен науқас арасында жасалатын келісімшарт ең алдымен мұндай істерді сотқа жеткізбей шешуге көмектеседі. Сондай-ақ келісімшарт дәрігер мен науқас арасындағы келіспеушілікті тудырмауға, өзара түсінісуге жәрдемдеседі деп ойлаймын. Дәл қазіргі таңда бұл келісімшарт бізге керек. Келісімшартта дәрігердің міндеттері толығымен көрсетіледі. Содан кейін науқас келісімшарттағы дәрігердің міндеттерін талап етуге құқылы болады. Келісімшартта дәрігердің тегін емге ақша сұрамауы керектігі, жасалып жатқан ем-дом түрі бәрі анық көрсетілгеннен кейін науқас өз құқын біліп тұрады. Дәрігер де науқастан келісімшартта көрсетілгеннен артық нәрсені талап етпейді. Осы орайда келісімшарттың медициналық көмек сапасын арттыруға ықпалы тиеді деп ойлаймын. 


Кәрібай ТАСШАБАЕВ, заңгер:
– Азаматтық кодекстің 380-бабында бұл анық көрсетілген. Яғни қандай да бір тараптар бір-бірімен келісімге келе отырып, бір-бірімен өзара шарт түзуге құқылы. Осы орайда дәрігер мен науқас осындай келісімшарт түзе отырып, өздерінің міндеттерін айқындай алады. Меніңше, бұл – дұрыс нәрсе. Ертеңгі күні қандай да бір мәселе туындай қалғанда науқастың денсаулығына тигізген зардабы үшін оны емдеуші дәрігер келісімшартта көрсетілгендей жауап беруге міндетті. Келісімшарт негізінде екі тараптың да құқын қорғауына мүмкіндігі бар. Ең бастысы, келісімшарт медициналық көмек беру сапасын арттыруға көмектеседі. Әйтпесе қазір науқас пен дәрігер арасындағы дау өте көп. Қайсысы дұрыс, қайсысы дұрыс емес екенін түсіне алмайсың. Дәрігер адамның ең басты байлығы – денсаулығымен жұмыс істейтін маман. Оның еш қате­лесу­ге құқы жоқ. Тіпті соңғы кездері дәрігердің қателігі салдарынан жас балалар мүгедек болып қалып жатыр. Осы орайда бұл келісім­шарт дәрігердің жауапкершілігін арттыруға да ықпал етер еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста