Бюджеттік мекеме басшыларының қарамағына жақын туыстарын жұмысқа алуына тыйым салатын заңның орындалуын қалай күшейтеміз?

Бюджеттік мекеме басшыларының қарамағына жақын туыстарын жұмысқа алуына тыйым салатын заңның орындалуын қалай күшейтеміз?


Есенжол Алияров, Қазақстан гу­ма­нитарлық-саяси конъюнктура орталығының президенті:
– ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қар­­сы кү­рес туралы» Заңында жа­қын туыстардың мем­ле­кеттік қыз­метті бір­лесе атқаруына ты­йым са­лынған. Бірақ іс жүзінде сол заң орындалып жатыр деп айта ал­маймыз. Туыстық пен таныстықты былай қойғанда, жақын туыстардың өзі бір-бірін жұмысқа алып жатады. Жалпы, меніңше, тек бюджеттік, мем­лекеттік мекемелердің ішкі жағдайын ғана емес, сол меке­мелердің коммерциялық мекемелермен келісімдер орнатуындағы туыстық факторын да қатаң қадағалау керек. Мәселен, бір мемлекеттік  мекеме тендер таратады, мемлекеттік тапсырыс жасайды, бірақ соны әлгі мекеменің басшысының туыстары­ның атынан ашылған мекеме ұтып алады. Бұл да жемқорлық қой.


Берік Бекжанов, ОҚО бойынша мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы:
– Бұл проблема қазір біздің елімізде жаппай көрініс беріп жатқан аса өзекті проблема деп айта алмаймын. Әрине, ішінара оқиғалар кезде­сіп жатқан шығар. Оның үстіне, қазір, мем­лекеттік қызмет бағытында көптеген реформа­лар жүріп жатыр. Сол реформаларға сәйкес, қызметке кон­курс­тық жүйеде қабылдау мәселесі күшейтіліп, жолға қойылуда. Бұл тек қызметтік тағайындау­лардағы туыстық қатынастың көрініс беруін ғана емес, командалық ауысым қағида­сына да шектеу қояды деген үміт бар. Яғни қыз­меттен қызметке ауысу және қабылдану мәсе­лесі толық мемлекеттік бақылауда болады. Қыс­қасы, көп ұза­май жаңағы айтылғандай олқы­лық­­тар жойылу керек.


Талғат Исмағамбетов, саясаттанушы:
– Ол үшін алдымен заңнамалық мәселелерді реттеу қажет. Біздегі заң бойынша мекеме бас­шысы өзіне бағынышты адам ретінде жақын туыстарын ғана, яғни әйелін, баласын, әпке-қарын­да­сын, анасы мен әкесін жұмысқа ала алмайды. Ал жанама туыстарын жұмысқа алуына кедергі жоқ. Меніңше, осы мәселені толықтыру керек. «Жақын туыстарын» деп шектелмей, жалпы туыс­тарын, оның ішінде, мәселен, әйелінің ағайындарын, оның ата-анасын өз қарамағына қабылдай ал­майтындай талап енгізу қажет. Себебі бұл да –жемқорлықтың бір түрі. Өйткені мекеме басшысы туысын жұмысқа алу барысында оның біліктілігіне назар аудармайды. Екіншіден, ол жұмыс өнімділігіне де кері әсерін тигізеді. Әдетте басшының туыстары жұмысқа қалай болса, солай келіп, еркін жүретінін көп байқайсыз. Бұған жол беруге болмайды. Кеңестік кезеңде мұны қатты қа­дағалайтын. Мүлде жол берілмейтін деп айтсақ та болады. Мәселен, ағайынды милицияның бірі бөлімшенің бастығы болып кетсе, екіншісі қызметін басқа салаға ауыстырады немесе басқа ауданға ба­рып қызметін жалғастырады. Қазір кез келген заңды айналып өтудің жолын тауып алады. Менің­ше, өз қарамағына ғана емес, бір мекеменің ішінде деңгейлес қызметте отыруға да рұқсат беру­дің қажеті жоқ. Ондай маманды басқа мекемеге, басқа аймаққа жіберген дұрыс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста