Автобус жүргізушілерін тәртіпке бағындырудың қандай жолдары бар?

Автобус жүргізушілерін тәртіпке бағындырудың қандай жолдары бар?


Дәурен АРЫН, әлеумет-танушы:
– Соңғы кездері жолаушылар тасымалына байланысты қалааралық жә­­не халықаралық жолдарда жолаушылардың қауіпсіздігі мүлдем ес­ке­рілмейтінін; осыған байланысты жол-көлік апаты жиілеп кеткенін; жо­­лау­шыларды тасымалдауға мүлде рұқсаты жоқ компаниялардың кө­р­­сеткіші артып отырғанын; айналып келгенде олардың мемлекетке са­­лық төлеуден жалтаратынын; бұған қоса, қайсыбір жолаушыларды та­­сы­малдайтын автобустардың сақтандыру құжаттары, көлікті тех­ни­ка­лық рәсімдеуі жалған болып шығатынын біз мойындауымыз керек. Тіп­­ті құзырлы орындардың тексеруі барысында елімізде пайдалану мер­­зімі 20 жылдан асып кеткен автобустар анықталған. Сондықтан, ме­­нің ойымша, жолаушылар тасымалына қатаң талаптар енгізілген ар­найы лицензия беруді енгізу керек. Осылай етсек, заңсыз жолаушы та­сы­­малымен айналысатын көлік компанияларының саны азаяр еді. Ав­тобус жүргізушілері де осы лицензияның талаптарына сүйену ар­қылы жұ­­мысқа алынса, жүргізушілер өздеріне бақылау-қадағалау ба­рын се­зі­нер еді. Бұл заңсыздықтың, қоғамдық көлікті жүргізуде ар­найы та­лап бар екенін жүргізушілерге толыққанды сезіндірудің бір шар­ты деп ой­лай­мын.


Мейрам ҚАБДРАХМАНҰЛЫ, экономист-сарапшы:
– Жолаушылар тасымалына арнайы қатаң лицензия енгізу мәселені түбегейлі шешпейді. Меніңше, бізге бұл саланы тазалау үшін автобустардың және жүргізушінің еңбек және демалыс тәртібін қадағалайтын тахографпен жабдықтау әдісін қолға алған жөн. Біздің еліміз 1995 жылы көлік құралдарының экипажына қатысты Еуропалық келісімге (ЕСТР) мүше болды. Осы келісімге сәйкес, 1995 жылдардың өзінде-ақ автобустарға тахограф орнатуға міндетті едік. Өкініштісі, әзірге бізде бұл іс қолға алынбай тұр. Егер осындай тахографтау жабдықтауына түгелдей енсек, мәселе сәл де болса шешілер еді. Бұдан соң айыппұл мәселесі шешімін табуы керек деп ойлаймын. Қоғамдық көлік жүргізушілеріне салынар айыппұлдың мөлшері өсетін болса, автобус жүргізушілерінің жауапкершілігі артып, тәртіп пен талап-тілекті ескерер еді. Бұл – қала ішіндегі қоғамдық көлікті жүргізушілерге ғана қатысты айтылып отырған дүние емес, қалааралық-халықаралық тасымалға қатысты да мәселе. Сондықтан бізге бұл саланы реттейтін кезең әлдеқашан жетті.


Ғабиден ЖАЙЛИН, заңгер:
– Егер автобус жүргізушілері тәртіпке бағынбайтын болса, жолаушыларды тасымалдау барысында дөрекілік көрсетсе, бұл – әкімшілік жауапқа тартылуы тиісті мәселелер. Әрине, бұл жерде жұмыс беруші компания жұмысшысының заңға бағынбайтынына қатысты жауапқа тартылуы да мүмкін. Бірақ бұл жерде жекелеген автобус жүргізушілеріне бақылауды, талапты күшейту керек. Жұмыс беруші оларды жұмысқа аларда арнайы шарттар қоя білуі қажет. Өйткені қазірде ешқандай тәжірибесі жоқ, «аннан-мыннан» келген жүргізушілер де жолаушыларды тасымалдап жүрген жайы бар. Мұның соңы үлкен жол апатына немесе жолаушылардың құқының бұзылуына апарып соқ­тырып жатады. Сондықтан бұл ретте айтарым, жұмыс беруші компания жүр­гізушілерге деген шарттарды қатайтып, олардың денсаулығынан бастап, мә­дени әдептілігінің жетілгеніне дейін барынша назар аударуы тиіс. Арнайы ба­қы­лаушы ұйымдар да бұл мәселені үнемі қадағалауда ұстағаны жөн. Бақы­ла­уы мен қадағалауын күшейтпесек, шынымен де, автобус жүргізушілерінің тәр­тіпке бағынбайтыны, дөрекілігі, этика сақтауға осалдығы дендей береді. Сон­­дықтан бақылауды қатаңдату қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста