Ауыл тұрғындарына интернетті қолжетімді етудің қандай жолдарын ұсынасыз?

Ауыл тұрғындарына интернетті қолжетімді етудің қандай жолдарын ұсынасыз?


Сейітқазы Матаев, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы:
– Ірі қалалар мен облыс, аудан орталықтарынан шалғай ауылдарға интернет желісін тарту қазіргі ең күрделі мәселелердің бірі болып тұр. Ал ақпараттық технологиялармен айналысатын компаниялар негізгі қызметтерін халық көп шоғырланған жерлерге ұсынатыны белгілі. Олар үшін тұтынушылар саны аз алыс ауылдарға желі тарту тиімсіз. Дегенмен бұл бағытта атқарылып жатқан шаруалар жоқ емес. Мысалы, «Қазақ­телеком» қызметінің арқасында соңғы жылдары республикамыздың бір­қатар аймақтары телефон мен интернетке қол жеткізе бастады. Қазақ­станның ақпаратық технологиялармен қамтамасыз ету сала­сын­дағы көшбасшының бірі ретінде «Қазақтелеком» қалалық жерлерде мол табыс таба бастады. Енді сол табыстың бір бөлігін ауылдарға интернет жет­кізуге жұмсаса игі іс болар еді. Осы орайда жоғарыдан арнайы бағ­дарлама қабылдау қажет. Әйтсе де бүкіл елді мекенді интернетпен қам­тамасыз ету жалғыз ғана «Қазақтелекомның» мойнына жүктелмеуі тиіс. Бұл ретте жергілікті әкімшіліктер, ауылдан шыққан қалталы азамат­тар да осы жұмысқа жұмылдырылуы тиіс.

Талғат Әбдібаев, компьютер бағдарламаларын жабдықтаушы:
– Бүгінгідей ақпараттар заманында компьютер, интернетсіз бірде-бір шаруа бітпейтіні белгілі. Алайда осындай заманауи электронды технологияларды кең қолданысқа енгізу жағына келгенде, біз біршама артта келе жатырмыз. Дегенмен қазір алыс ауылда тұрып-ақ та интернетті пайдалана аламыз. Бірақ ол – көбіне тек ұялы телефон арқылы ғана шектеулі түрде жү­зеге асқан шаруа. Біз әзірге осы төмен деңгейден аса алмай отырмыз. Біз ауылға интернет қосу арқылы ауыл тұрғындарының біршама жұ­мыс­тарын жеңілдетер едік. Сонда ауылдықтар ары-бері аудан, облыс ор­­та­лық­тарына сабылмай, Үкімет порталына кіріп, түрлі жағ­дайларға қатысты құ­жаттар мен анық­та­ма­ларға тапсырыс беріп, алуына мүмкіндіктер туар еді. Ауыл тұр­ғын­дарына интернетті қолжетімді ету үшін, біріншіден, оның ба­ғасын ар­зандатуға күш салу қажет. Екіншіден, алыс аймақтарды «сымсыз бай­ла­ныс­пен» қамтамасыз етудің арнайы жоспарын құру керек. Үшін­шіден, ауылдықтардың компьютерлік сауатын жетілдіру қажет.

Аршат ОРАЗОВ, сайт жасаушы, блоггер:
– Қазіргі кезде Қазақстанның ауылдық жерлерінде интернет тұтынуышлар өте аз. Көптеген алыс ай­мақ­­тар­ға жаңа техно­логиялар әлі бара қойған жоқ. Ауылдық жерлер­де интернетке қосылған компьютерлер, негізінен, сондағы пошта бө­лім­ше­­сінде, әкімдік пен мек­тептерде ғана бола­ды. Ал қа­рапайым тұр­ғындар заманауи иг­іліктерден шет қалған. Бүгінгі жағдайда алыс ай­мақ­тарға ин­тер­нет кабелін тарту тиімсіз бол­ған­дық­тан, ол жақ­тағы тұ­тынушыларға флешка ар­қылы берілетін, сым­сыз ин­тер­нетке қол жеткізуге жағ­дай жасалуы қажет. Өзге мем­лекеттермен са­лыс­тырғанда, бізде интернет бағасы қым­бат. Сондықтан да елімізде ар­зан­да­тылған арнайы ай­мақтық та­рифтер жоспарын жасауымыз қажет. Егер де ауылдардағы тұ­тынушылар са­ны өсетін болса, бұл өз ке­зегінде интернеттегі қазақ тілінің аудиториясын ке­ңейте түсер еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста