Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заң қабылдайтын кез жетті ме?

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заң қабылдайтын кез жетті ме?


Гүлшат Нұрымбетова, Мемлекет тарихы институты, Еура­зия­лық және салыс­тыр­малы саяси зерттеулер бөлімінің бастығы:
– Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заңды қабылдайтын уақыт жетті. Бұл мәселе бізде бірінші рет қозғалып отырған жоқ. Себебі ақпараттық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі. Ол ел егемендігінің, мемлекет территориясының тұтас­тығына, конституциялық құрылымның нығаюына, саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа, заңдылық пен құқықтық тәртіптің сөзсіз қамтамасыз етілуіне ықпал етеді. Ақпараттық қауіпсіздікті қамта­масыз ету туралы заң қабылданса, онда адамның, азаматтың конституциялық құқықта белгіленген ақпа­ратқа қол жеткізуіне шектеу қойылады деген біржақты пікір болмауы тиіс. Заң ақпараттық кеңістіктегі қа­рым-қатынасты реттеу, ұлттық қауіпсіздікті қорғау үшін қажет.

Есенжол Алияров, саяси ғылымдар докторы:
– Бұрындары ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, ең алдымен, мемлекеттік шекараларды бекітіп алу туралы ойланатын­быз. Біз ғана емес, жалпы, бүкіл әлем солай тұжырымдаған. Алай­да ғаламтор адамзат баласының кейбір концепцияларын өзгертті. Қа­зір мемлекеттік шекарасы мығым елдердің өзі ақпараттық қа­уіпсіздікті қамтамасыз етуді қолға алып жатыр. Өйткені әлемде бо­лып жатқан соңғы оқиғалардың барлығы ғаламтордың пәрме­ні­мен жүзеге асып отырғаны туралы айтылып жатыр. Демек, бү­гін­де ел тыныштығы, тіпті аймақ қауіпсіздігі үшін ақпараттық қа­уіпсіздікті қамтамасыз ететін заң қабылдау қажет. Жуырда бірнеше экс­тремистік пиғылдағы интернет сайттары мен порталдар жа­был­ды. Бұл – өте құптарлық бастама. Ең нәзік саланың бірі ақпа­рат­тық қауіпсіздікке басымдық беруіміз керек. Бірақ аталған заң бас­пасөздегі сөз бостандығына зиян келтірмеуі керек. Яғни әбден зерт­теліп, саралануы шарт.

Динара Ақболат, саяси ғылымдар кандидаты:
– Әрине, жаһандану заманында кез келген мемлекеттің ішкі ақпараттық жүйесін қорғайтын арнайы заң қажет. Бұл заң мемлекеттің ақпараттық кеңістігін сыртқы ақпараттық қауіп-қатерлерден қорғалуын қамтамасыз етеді. Мысалы, араб елдеріндегі соңғы қарулы қақтығыстар мен саяси шиеленістердің басталуы интернет желілері арқылы ұйымдастырылғаны белгілі. Яғни сыртқы ақпарат ықпал еткенін көреміз. Сол сияқты ақпараттық қауіпсіздік туралы заңның маңыздылығы – тек сыртқы саяси қауіптерден қорғауды қамтамасыз етумен шектелмейді, мұнда қоғамның саяси тұрақтылығы мен дамуы да өзекті. Бүгінгі БАҚ-тың жала жабу, саяси ұпай жинау, сенсация қуу мақсатында тарататын жалған ақпаратынан да сақтану міндет. Себебі жалған мәліметтер қоғамның тұрақсыздығына, кез келген мемлекеттік әкімшілік-органның жұмысының қалыпты жұмыс істеуіне кері әсерін тигізеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста