Алкоголь өнімдерінің айналымын шектеу туралы заң көлеңкелі сауданы көбейтіп жібермей ме?

Алкоголь өнімдерінің айналымын шектеу туралы заң көлеңкелі сауданы көбейтіп жібермей ме?


 Бейсенбек ЗИЯБЕКОВ, экономика, ғылымының докторы, профессор:
- Әрине, шектеу қойылуы керек. Бірақ сөз жоқ осы шектеулерді біздің отандық саудагерлер айналып өтіп, заңға мойынұсынбай кетеді. Себебі біз бұған дейін де арақ-шарап айналымын реттеуге қатысты бірнеше мәрте ұсыныстар айттық, шешімдер қабылдадық. Елімізде алкоголь өніміне қарсы заңнама бола тұра, оған қарсы күресте біз әлі дәрменсіздік танытып отырмыз.    Меніңше, арақ-шарап сататын арнайы дүңгіршектер ашып, оларды арнайы лицензиялау ісінен гөрі алкоголь өнімдеріне салынатын салық көлемін өсірген жөн. Кейбір шетелдерде алкоголь өнімдеріне салық көлемі 80 пайызға дейін көтерілген. Бір әттеген-айы – бізде өнімі бағасы да, оған салынар салық түрі де тым арзан.  Бұған мемлекеттік органдар селқос қарап отыр. Мәселен, Таиланд елі алкоголь өнімдеріне салықты көбейтумен қатар, оның зияндығын ескеріп, арнайы мемлекеттік денсаулық қорын да құрған. Бір қызығы, 55 млн халқы бар Таиланд  бұған әлдеқашан дабыл қағып, тиісті шараларын осыдан 15 жыл бұрын қабылдап тастады. Ал 15 млн халқы бар Қазақстан бұл мәселені енді қолға алуда. Сондықтан, бұл ретте, мемлекеттік тұрғыда ауқымды шараларды қолға алғанымыз жөн. Абзалы, арақ-шарап өнімінің бағасын қымбаттатып, оған салынатын салықты еселеген жөн. Олай етпесек, бір ғана  шектеу енгізу арқылы  мәселені шеше алмаймыз.

Тоғжан ШАЯХМЕТОВА, сарапшы-маман:
- Меніңше, бұл сөз жоқ, сауда-саттық саласында жемқорлықтың өршуіне әкеліп соқтырады. Себебі күні ертең арақ-шарапты саудаға шығару мақсатында бірқатар кәсіпкерлердің «бармақ басты көз қысты» әрекетке барары даусыз. Бұл жаңашылдықтар  сыбайластықтың артуына ықпал етеді және заңсыз сауданың дамуына  жол аша түспек.
Жалпы, арақ-шарап өнімінің айналымына қатысты расымен де мемлекеттік бір мықты шаралар қажет. Біздің елімізде араққа салынудың салдарынан жыл сайын 28 мың адам бауыр, жүрек-қан тамырлары, асқазан жарасы тәрізді дерттерді асқындырып алып, көз жұмады. Мамандар жол-көлік апаты оқиғаларының да 60 пайызы ішімдіктің салдарынан екенін растап отыр. Қазір Қазақ елінде араққа басыбайлы құл болғандардың саны 800 мыңнан асып жығылады. Ең өкініштісі, бұл көрсеткіште таразы басын басып тұрған тағы да сол қазақ баласы. Арақты ішу бар да, одан емделу бар. Бір ғана Алматының өзінде мемлекеттік ірі наркодиспансерді есепке алмағанның өзінде, арақтан емдейтін 50-ге тарта жекеменшік клиника бар. Жеке клиникаларда жұмыс істейтін нарколог мамандардың айтуынша, арақты ішетін де – қазақ, бұдан соң көмек сұрап келетін де – сол қазақ жастары. Ендеше мұның арты жастармызды жаппай уламасын десек, шектеу өз алдына, заңның орындалуы да мемлекет тарапынан қатаң қадағалануы керек. Осылай талапты күшейтетін кезең бізге әлдеқашан жеткен.

Дәурен АРЫН, заңгер:
- Біздің мемлекетімізде арақ шығаратын 40 зауыт, шарап шығаратын 24 зауыт, сыра шығаратын 62 фабрика-зауыт бар. Бұған заңсыз арақ шығарумен айналысатын астыртын цехтардың барын қосып қойыңыз.  Санаулы ғана халықпен мұндай зауыттардың болуы, шынымен, ұлтқа төнген қауіп. Енді осыған сырттан келетін арақ-шарап өнімдерін қосыңыз. Сонда қазақ маскүнемдікке салынбағанда қайтеді? Мысалы, Ресейде кешке және демалыс күндері алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынып, заңсыз жолмен арақ шығарғандарға қылмыстық жаза қатайтылды.  Біздің елімізде азаматтардың 30 пайызы, әйелдердің 15 пайызы  арақтың кеселінен көз жұмады. Сонда елдегі өлім-жітімнің 45 пайызы арақтың салдарынан болып отыр. Ендеше, неге біз арақ-шарап өндірісіне мемлекеттік монополия енгізбейміз, шектеуді неге қатайтпаймыз? Бұл дұрыс. Шектеу енгізу керек.
Жалпы, осы алкоголь өндірісін мемлекет қарамағына берген тиімді болар еді. Бақылауды күшейтеміз десек, бұл іске мемлекет араласуы керек. Олай етпесек, күні ертең маскүнемдерді арақтан айықтырудың мәселесі нақ қазіргіден еселеніп арта түседі. Ендеше, мәселені шешуді дер кезінде қолға алып, арақ өндірісін 80 пайыздық бақылау пакетін мемлекет қарамағына енгізу керек.  

«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста