Әкімдердің есеп беру жиналысындағы баяндама оқуды халықтың сұрағына жауап беру формасына көшіретін уақыт жетті ме?

Әкімдердің есеп беру жиналысындағы баяндама оқуды халықтың сұрағына жауап беру формасына көшіретін уақыт жетті ме?


Сайын БОРБАСОВ, саяси ғылымдар докторы, профессор:
– Расында да, әкімдердің есеп беру жиналыстары әр уақытта бір сарынмен, өздері құрастырып алған ережеге сәйкес жүргізіледі. Айналдырған бір-екі сағаттың ішінде халықтың мұң-мұқтажы тыңдалып, ойлары ортаға салынбайды. Әкімдер бірнеше сағат бойы баяндаманы оқып шығумен шектеледі. Бұл – өте тиімсіз. Жарайды, баяндама оқу ұнаса, ыңғайлы болса, оқи берсін. Тек алдын ала сол баяндамада айтылатын, халық арасындағы ең басты мәселелер кіргізілсін. Әр аймақ әкімінің аппараты бар. Олар осындай істермен айналыспағанда, басқа не істейді? Халықпен жүздесетін, белгіленген уақытқа дейін аппарат қызметкерлері тұрғындарды толғандырып жүрген сұрақтарды тізіп, зерттесін. Ал әкім кездесу барысында сол сұрақтарға жауап берсін, баяндама ретінде оқысын. Әйтпесе оның істеп жатқан жұмыстары баяндамасыз-ақ газет беттерінде жарияланады емес пе?! Сондай-ақ ауыл және аудан әкімдері тұрғындарды аптасына бір рет емес, бірнеше рет қабылдаулары тиіс. Облыс әкімдері де күнде халықпен кездессін деп айта алмаймыз, себебі мүмкін емес. Әкім емес, Президенттің өзі қабылдап жатқанда ... әкім болған адам, ең біріншіден, халықпен біте қайнасуы керек.


Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, Мәжіліс депутаты:
– Әкімнің атқарып жатқан жұмыстарын, жетістіктерін халық баяндамасыз-ақ біліп отырады. Сол бет-бет баяндаманы әкім газетке шығарып, халыққа таратып берсе, дұрыс болар еді. Бәріміз де білеміз, әкімдер берілген үш-төрт сағатта зуылдатып баяндамаларын оқиды да, аяғында өзі дайындап қойған он шақ­ты адамына сөз беріп, «уақыт аяқталды» деп, тұрып кетеді. Соңы­н­ан «халықпен кездесу өтті» деп «галочкасын» қойып, міндетінен құтылады. Сондықтан әкімдердің есеп беру жиналысындағы баяндама оқуды халықтың сұрағына жауап беру формасына көшіретін уақыт баяғыда-ақ жетті деп есептеймін. Оның үстіне, әкімдер тұрғындарды бір аптада бір рет қабылдайды, бұл дұрыс емес. Сол арнаулы бір күнде әкім алыстан келетін азаматтармен кездессін, ал жергілікті тұрғындармен аптасына кем дегенде үш рет жүздесуі тиіс. Олардың халықпен кездесетін уақыттары жоқ дегенге ешкім де сенбейді. Жалпы, нақты атқарылған жұмыс  – әкімнің қандай екенін айшықтап беретін шара.


Амалбек ТШАН, қоғам қайраткері:
– Әкімдерінің есеп беруін тыңдаудан бас тартқан Ақмола облысындағы тұрғындардың пікірін толық қолдаймын. Есеп беру әкімнің халықпен қаншалықты тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатқанын көрсетіп беріп отыр. Әкімде қаншама орынбасар бар, әр сала бойынша бөлім бар. Бірақ олардың ешқайсысы азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, шешім қабылдамайды. Өз қызметіне байланысты жауап беру үшін де әкімнен рұқсат сұрайтын мамандар әкім аппаратында не үшін отыр? Жалғыз әкім халықпен жұмыс істеуге үлгермей жатса, қарамағындағылардың жұмыс істеуіне мұрша берсін. Одан оның билігі ортайып қалмайды, керісінше, халыққа пайдасы тиеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста